РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Шытымыр аяздағы Астана қаласы тұрғындарының бір қызығы – шаңғы тебу.

11.02.2018

Ағымдағы жылғы қаңтардың 21 күні «Астаналық» саябағына жиналған жұрт жаппай шаңғы теуіп, Қар күнін атап өтті. Бұқараның басын қосып, думанға бөлеген дәстүрлі фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 Халықаралық Қар күні қаламызда осыменалтыншы рет ұйымдастырылды. Қысқы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыруды көздеген шараны Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, қалалық Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, «FIS» халықаралық шаңғы спорты федерациясы, №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі және Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы мұрындық болды.

Фестивальге шаңғы спортына әуес адамдар қатысты. Олардың көбі – мектеп жасындағы балалар.

Фестиваль салтанатты түрде ашылғаннан соң, алғаш болып алты жасқа дейінгі бүлдіршіндер жақын қашықтықта бәсекеге түсті. Балғын шаңғышыларды бәйгеге қосқан ата-аналары мәреге жеткенше тақымдарын қысып, мәре-сәре болды.

Одан кейінгі жарыс жолының ұзақтығы қатысушылардың жас айырмашылықтарына қарай өзгеріп отырды. Бұл мерекеде шаңғы жарысынан бөлек басқа да түрлі қызықты сайыстар болды, соның бірі дөңнің үстінен сырғанау, балалар үшін ең қызықты с айыстардың бірі болды десек қателеспейміз. Керекті спорттық жарақтар тегін берілді.

Жыл сайын өткізілетін бұл мерекелік шаңғы жарысы жақсы дәстүрге айналды. Жазда жүгіріп, велосипед теуіп шыныққан қала тұрғындарын қыстыгүні шаңғы тебуге шақырамыз. Қыс біткенше апта сайын осы маңда шаңғы жарысы өтіп тұрады. Саламатты өмір салтын берік ұстанатын елордалықтарды қалалық Дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Маржиқпаевтың өзі шаңғы тебуге бастап шығады.

Қар күні мерекесіне жиналған астаналықтар осылайша қыс қызығына тағы бір кенеліп, бір жағынан жарыстың көрігін қыздырса, екінші жағынан денсаулықтарын шыңдап қайтты.



Партнеры

http://www.enbek.kz/kkwww.madeniet.astana.kz