РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Астана чемпион!!!

18.03.2018

Құрметті спорт сүйер қауым!! Ағымдағы жылғы ақпан айының 6-10 аралығында Ақтөбе қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Астана қаласы құрамасының спортшылары ерледі.

Тұңғыш рет бұл спорттың үздіктері Алматы қаласы мен Қарағанды облысы құрамаларын шаң қаптырып Астана 1 орынды жұлып алды десек артық емес. Себебі ұпай сандарына қарасақ Алматы қаласы 130,8 ұпайымен үшінші орында нық тұрақтаса, Астана құрамасы мен Қарағанды облысының құрамасы әр ұпайға таласты. Қорытынды нәтижесінде Қарағандылықтар 199,8 ұпайымен екінші орынды иеленсе, 202,6 ұпай жинаған біздің мықты шеберлер алтынды арқалап тұғырдың биігінен көріне білді.

Осы жарыстың хаттамасы бойынша біздің келесі спортшыларымыз жаңа спорттық дәрежелерге қол жеткізді: Бралин Рахат екі бағдарламаның қосындысы бойынша жарыстың үздігі атанып конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан спорт шебері атанды. Дәл осы топта Нурмет Диас көптен бері ұтылып жүрген қарсыласын үшінші орынға ығыстырып спорт шебері атағын орындап шықты. Қыздардан бізде бір ғана спортшы (Сыдыкова Алина) болса, оған күміс жүлдегер атанып спорт шебері атағын орындаған Шнайдер Анна қосылды. Күміс жүлдегер Дусимбек Мерей мен үздік бестікке кірген Садыкова Диана спорт шеберіне үміткер атағын абыроймен қорғап шықты. Дәл осы мәнерлеп сырғанау спортынан Астана қаласы құрамасы командалық есепте ешқашан 1 орынды иеленбегендіктен бұл біз үшін өте үлкен жетістік.

Соңғы жылдары осы спорттың қарқынын алдындағы мақалаларда жазған болатынбыз, қазіргі таңда мәнерлеп сырғанау қалай дамып келе жатқанына барлығымыздың көзіміз жетіп отыр. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналарды, конькимен мәнерлеп сырғанау бөлімін және спорт мектебіміздің әкімшілігн осы бір тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Естелік суреттерді келесі сілтеме бойынша көре аласыздар.

Партнеры

http://www.enbek.kz/kkwww.madeniet.astana.kz