РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Шаңғымен спорттық бағдарлау спортынан ҚР Чемпионаты өтті

22.03.2018

2018 жылғы наурыз айының 1-6 аралығында Шығыс-Қазақстан облысы Риддер қаласында шаңғымен спорттық бағдарлау спортынан Қазақстан Рсепубликасының Чемпионаты өтті.

Бұл сайыс 2017-2018 қысқы кезеңдегі соңғы республикалық сөре болды. Жарысқа еліміздің 8 өңірінің құрамалары қатысты. Жарыс келесі жас ерекшелік топтары бойынша өтті: 12 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар, 16 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар, 18 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар, 20 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар, 20 жастан жоғары ерлер және әйелдер. Жалпы Астана қаласының намысын 19 спортшы қорғаса, оның он төрті біздің метебіміздің спортшылары. Жарыстың бірінші күнінен бастап тәрбиеленушілеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Бірінші күні Астана құрамасының қоржынына 2 алтын, 4 күміс, 5 қола түсті.

Кейінгі жарыс күндерінде де үздік нәтиже көрсеткен Астана құрамасы жалпы командалық 1 орынды жеңіп алды. Ұпай санымен ұтылған Алматы екінші орынға тұрақтаса, Петропавл қаласының спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған біздің спортшылар: Ибраева Кмилла, Толеубаев Адиль, Иванова Ксения, Ивко Ирина, Вахитов Елжан, Бахуревич Данил, Золотухин Данил, Искаков Даниэль, Козлов Адиль, Иманжанова Милена, Нестерова Анастасия, Сиволапов Давид. Барлық спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз.


Партнеры

http://www.enbek.kz/kkwww.madeniet.astana.kz