РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады!

23.08.2018

«№2 БЖМСМ» КММ негізгі мақсаттары бұл – оқушылар арасында дене шынықтыру- сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру және Астана қаласының сондай-ақ Қазақстан Республикасын тұтас алғанда спорттық резерв ретінде оларды қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсету үшін дайындықты қамтамасыз етуі болып табылады.

         Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Балаларды 25 тамыздан бастап қабылдаймыз. Қабылдау конкурстық негізде өткізіледі, осы немесе басқа спорт түрімен айналысам деген қалаушылар «№2 БЖМСМ» спорт түрлері бойынша  жаттықтырушылар кеңесі құрастырған бақылау нормативтерін және іріктеу өлшемдерін тапсырады (жүгіру, секіру, күштемелі жаттығулар, координацияға арналған жаттығулар, музыканы түйсікті ұғыну қабілеті, икемділік, ептілік және т.б.).     Сонымен бірге бала коньки, шаңғыда және т.б. тұруды білу қажет емес.  
          Содан басқа, білім мекемесінде немесе 026 формасы бойынша баланың медициналық картасында алынатын, дене шынықтыру және спорт сабақтарымен айналысу үшін терапевт дәрігерден рұқсат алу қажет.
         Содан кейін, бала ата-анасының және/немесе қамқоршысының өтінішінің негізінде жаттықтырушы-оқытушының тиісті оқу тобына алынады және оқу-жаттықтыру үдерісін бастайды.
         Оқу – жаттықтыру сабақтарының кестесі балалардың жалпы білім беру мектебінде ауысымды оқудың есепке алуымен дайындалады және таңертен  шамамен сағат 09.00-ден және кешке 16.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі.
        Қабылдау шарттары мен спорт түрлері бойынша оқу-жаттықтыру сабақтарын өткізу бойынша толық ақпаратты, тікелей жаттықтырушылардан немесе «№2 БЖМСМ» КММ әкімшілігінен көрсетілген байланыс телефондарынан біле аласыз.

Құрметті Астана тұрғындары мен  қонақтары!
Зор сенімділікпен әр адам өз өмірінде табысты болғысы келетінін болжай аламын. Мықты деңсаулықсыз осы мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан көбі өз деңсаулығына ғана емес, ең алдымен балаларының жарқын болашағы мен деңсаулығына парықсыз емес екендігін көрсете алатын елордамыздың халық санына қосылғысы келеді.       
Келешек ұрпағымыз берік деңсаулықтың дамуын, батыл мінезді, мақсатқа талпынушы және тәртіпті болып өсуі үшін қаланың білім беру ұйымдарына денсаулықты сақтайтын инновациялық технологияларды еңгізуі жеткіліксіз.Осы қасиеттердің қолдауы мен дамытуы біздің мектебіміздің барлық әкімшілік- басқару, сонымен қатар жаттықтырушы -оқытушылық құрамы үшін    оқу-тәрбиелiк үдерісін ұйымдастыруда бас басымдылықтары болып табылады.        
Өз міндеттерін ойдағыдай жүзеге асырып отырып, бiздiң ұжым балалардың физикалық, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесi бойынша, олардың ерiк күшiн, рухын, Отанға деген патриоттық сезімін және сүйіспеншілігін дамыту бойынша іс-шаралардың жиынтығын іске асыруда.        
Анығында, әлем елдерiнiң ұлттық әнұрандарының құлақ тұндырытан шырқауымен, мемлекет елбасыларының қатысуымен өтетін салтанатты рәсімдерімен қатар ды мемлекеттiк туларын көтеруi ең iрi дүниежүзілiк спорт форумдарының тек қана жеңiмпаздарына құрмет көрсеткен кезде ғана болатыны баршамызға мәлім.       
Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, сонымен қатар бүгінгі таңда Астана қаласы, тәуелсіз мемлекетіміздің жас елордасының тарихына «алтын әріппен» жазылатын ең iрi спорт форумдарын құрайтын бірегей оқиғалардың орталығы болғандықтан, балаларыңықздың келешегіне қатысты сіздің таңдауыңыздың дұрыстығында менің ешбір күдіктерім жоқ.          Құрметпен, 
"№2 БЖМСМ« КММ басшысы Бикчантаев Радик Хамитович

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ
Қабылдау 2018 жылдың 22 және 26 қыркүйек күндері сағат 10.00 де шаңғыроллерлі тас жолы парк аумағында іріктеледі. Балаға өзімен бірге газдалмаған жылы су ыңғайлы спорттық киімде болуы қажет. Жас ерікшілік 9-11 жас. Оқу-жаттығу саябағы Астана қаласының парк аймағында орналасқан шаңғыроллерлі тас жолында өтеді.

ШОРТ-ТРЕК
Қабылдау 2018 жылдың 27 тамыз 09 қыркүйек күндері сағат 10.00 де «Алау» МА іріктеледі. (Кіру фитнесс жағынан) балаға өзімен бірге газдалмаған жылы су ыңғайлы спорттық киімде болуы қажет. Жас ерікшілік 9-11 жас. Оқу-жаттығу сабақтары мына мекен-жайда өтеді.: Астана қ. Қабанбай батыр д. 47 «Алау» МА.


МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ
Қабылдау 2018 жылдың 08 және 15 қыркүйек күндері сағат 10.00 де «Барыс» СС іріктеледі. (“Қазақстан” СС қасында, Қажымуқан,7) балаға өзімен бірге газдалмаған жылы су ыңғайлы спорттық киімде болуы қажет. Жас ерікшілік 4-5 жас. Оқу-жаттығу сабақтары мына мекен-жайда өтеді.: Астана қ. Қабанбай батыр д. 47 «Алау» МА.


КОНЬКИ ТЕБУ
Қабылдау 2018 жылдың 09 және 16 қыркүйек күндері сағат 10.00 де «Алау» МА іріктеледі. (Кіру фитнесс жағынан) балаға өзімен бірге газдалмаған жылы су ыңғайлы спорттық киімде болуы қажет. Жас ерікшілік 9-11 жас Оқу-жаттығу сабақтары мына мекен-жайда өтеді.: Астана қ. Қабанбай батыр д. 47 «Алау» МА.


СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ
Қабылдау 2018 жылдың 15 және 16 қыркүйек күндері сағат 10.00 де шаңғыроллерлі тас жолы парк аумағында іріктеледі. Балаға өзімен бірге газдалмаған жылы су ыңғайлы спорттық киімде болуы қажет. Жас ерікшілік 8-10 жас Оқу-жаттығу сабағы Астана қаласының парк аймағында орналасқан шаңғыроллерлі тас жолында өтеді.                        

МАҢЫЗДЫ
Балалар Астана қаласы әкімдігінің «№2 БЖМСМ» КММ оқу топтарында АҚЫСЫЗ негізде оқытылады.
Бар спорттық жабдықтарды беру, оқу-жаттықтыру жиындарында және жарыстарда  қатысу «№2 БЖМСМ» КММ есебінен жүргізіледі.
      
Байланыс ақпараты:
Мекенжай: Қабанбай батыр д-лы, 47
(«Алау» СК территориясы)
Байланыс телефондары:
8 (7172) 57-16-12, 57-16-13 Сайт: www.astanawintersport.kz
E-mail: sport_zima@mail.ru

Партнеры

http://www.enbek.kz/kkwww.madeniet.astana.kz