РОО «Национальная Федерация Конькобежцев» Казахстана

Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

07.11.2018

Ағымдағы жылғы қазан айының 24-26 жұлдыздары аралығында Астана қаласында коньки тебу спортынан жеке қашықтықтар бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 

Жарысқа Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан, Қостанай қаласынан, Павлодар облысынан Солтүстік Қазақстан облысынан, Рудный қаласынан, Семей қаласынан, Өскемен қаласынан жалпы есепте 120 спортшы (40 әйел, 80 ер адам) қатысты. 2018-2019 жылғы қысқы кезеңнің кеш басталуы себебінен спортшылардың бірінші жарысы дәл осы Қазақстан чемпионатынан басталып отыр. Соған қарамастан біздің жас спортшыларымыз ерледі. Ересектермен сайысқа түскен спортшыларымыз арасынан жекелей қашықтықта, 500 метр спринтерлік сайыста 14 жасар Дауранова Алина ересек әйелдердің көбісін шаң қаптырып 3 орынды жеңіп алды. 1000 метр орта қашықтықта Артемьева Маргарита бар күшін салып 1,26,47 нәтижесімен қола жүлдегер атанды. Және де әйелдер арасындағы командалық жарыс пен командалық спринтте Брынза Екатерина, Нұрсейт Ардақ, Дауранова Алина үштігі мен Райхан Нұрай, Дауранова Алина, Артемьева Маргарита үштігі тағы 3 орынды иеленді.

Ересектер жарысында бұндай нәтиже үшін әрине біз қуанамыз, бірақ әйелдер арасында республикалық деңгейде бәсекелестіктің бұндай деңгейде өрбуі қынжылтады әрине. Ал біз коньки тебу спорты бөлімінің жаттықтырушы-оқытушылар ұжымын және спортшыларды шын жүректен құттықтап толағай табыстар тілейміз!!!

Партнеры

http://www.enbek.kz/kkwww.madeniet.astana.kz