Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылы Харбин қаласында (Қытай) өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Шорт-трекшілер Азия ойындарында ерлер эстафетасының қорытындысы бойынша ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Қазақстан атынан жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.

Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жазалау ұпайларын алды.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Барлығы Харбинде шорт-трекшілер үш медаль алды, олардың барлығы эстафеталарда еншіленді.