Жылдың соңғы сайысы «Алауда» өтіп, спортшылар ел кубогын сарапқа салды. 60 айналымнан тұратын марафонға 20 конькиші қатысты.
Бұл сайыс биылдан бастап әлем чемпионатының бағдарламасына кірді. Көрерменді қызықтыратын сын – ұзақ қашықтықтағы бәсекелер.
Сондықтан мамандар марафонды ресми жарыстар қатарына қосуды жоспарлап отыр. Келер жылдан бастап марафоннан ел кубогы жолындағы біріншілік өтеді. Конькидегі аламанда Федор Андреев жеңіске жетті. Шорт-тректен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған спортшы биылдан бастап, конькиге ауысыпты. Жаппай сырғанау шорт-трек шеберлерінің оң жамбасына келеді. Қораптың ішінде шыңдалған Андреев мас-стартта шорт-тректің пайдасы тигенін айтады.
Источник: http://khabar.kz/kz/news/sportkz/item/18291-60-ajnalymdyk-konki-mausymy-ajaktaldy