Ту ұстаған қыз

Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогын трансляциялау барысында Тиалф-арена голландиялық стадионның аренасынан желбіреген Қазақстан туы көрінді. Таң қаларлық ештеңе жоқ сияқты. Дегенмен, онда Қазақстан жанкүйерлері сирек барады. Ал голландиялықтардың өзі конькимен жүгіру спортын әлемнің кез келген түкіпіріне барып, сүйіп тамашалайды. Жарыстың қай жерде өтіп жатқанына қарамастан мінбелердерде қызғылт сары түске киінген жанкүйерлерді байқауға болады.

Қазақстандық конькишілер мұндай қолдау арманға айналған. Тіпті, елордалық «Алау» спорт сарайында халықаралық дәрежедегі сайыс ұйымдастырылса да, оны тамашалауға келген көрермендер саусақпен санарлық. Бұл фанаттар қауым жайлы айтпағанның өзінде…

Sk-sport.kz редакциясы еліміздің көк байрағын ұстаған азаматты таба алды. Бұл Гаага  тұрғыны Лизанна Керстенс. Ол Кубоктардың кестесіне сәйкес, сүйікті Польша және Қазақстан құрамаларына қолдау көрсету мақсатында барша әлемді шарлап, саяхаттап жүр екен.

– Мен голландиялықпын, Нидерландыда тұрамын. Поляк спортшыларымен 2007 жылы кездестім, содан бері жарыстарда соларға жаным ашиды. Шын мәнінде, конькимен жүгірушілердің көбін, ал осы маусымнан бастап Қазақстан құрамасын да қолдаймын.

– Неге Қазақстанды?

– Мұны түсіндіру қиын. Додалардың бірінде жай спортшыларды сергіткім келді, ал содан кейін бүкіл командамызбен қолымызды бұлғап, күле бастадық…

– Қазақстандық спортшылардың ішінен кім үздік деп ойлайсыз?

– Менің ойымша, Айдова өте жақсы, ол әйелдер арасындағы ең үздігі. Роман Креч өзінің бұрынғы қалпына келе алады деп үміттенемін. Тізесіне операция жасағанға дейін ол 500м қашықтықта жақсы өнер көрсеткен. Денис Кузин 1000 м-де жақсы және 1500м қашықтықта да мықты. Dimi (Бабенко) ұзақ қашықтықтарға төзімді.

– Сізде Қазақстанның байрағынан басқа, Денис Кузиннің есімі жазылған баннердің де бар екені рас па? Осы сияқты фанаттық элементтер «Алауда» жетіспейтін сияқты

– Бұл астанадағы мұз айдыны, солай ма? Оны теледидардан көргем. Жақсы жер екен. Қазақстанның алыс болғаны өкінішті. Оның үстіне, мен сіздің әліпбиіңізді де оқи алмаймын (күледі). Өткен маусымда Тиалфеде жүздеріне Қазақстанның туын салып алған Роттердам жігіттерін көрдім. Биыл олар көрінбейді.Бетіме ту салатыным екіталай, есесіне, көпшіліктің назарын аудару үшін оның маған қажеті жоқ (күледі)Қазақстанның кішкентай жалауы мен үшін жеткілікті.

Жанкүйер – футбол командасының он екінші ойыншысы. Конькимен жүгіру спортындағы оның ролі қандай екенін айту қиын. Бірақ биылғы маусымда поляк Збиднев Бродка үлкен Әлем кубогына қол жеткізді. Кім біледі, бәлкім, бұл нақ осы Лизаннаның қолдауының арқасында болған шығар…

Бұл қыз отандық спортшыларға қолдау көрсету үшін Сочиде өтетін бөлек қашықтықтар бойынша Әлем чемпионатына барады. Біздің әрқайсымыз Лизаннадан үлгі ала аламыз. Наурыз айының соңында «Алау» мұз айдынының іргесінде өтетін қысқы спартакиадада спортшыларымызға тірек болайық. Бәлкім, сонда олар жақсы өнер көрсетер?!    

http://sk-sport.kz/articles/show/916