Коньки спортынан Қазақстан құрамасы Германияның Инцеле қаласында өздерінің кезекті жаттығу жиындарын бастап кетті. Жиынға команда тас-түйін дайындықпен келіпті.
Олимпиадалық маусымның жақындап келе жатқанына байланысты, құрама сапында өзгерістер орын алды. Бапкерлер жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларға үміт артып отыр. Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық команда сапына 16 спортшы кіреді, оның алтауы — дебютанттар. Құрамға мынадай жасөспірімдер енді: Александр Кленко, Дарсиль Эссамамбо, Мария Сизова, Алена Стапстова, Иван Аржаников, Станислав Палкин.
Аталмыш спортшылардың Олимпиадалық ойынға қатысуы жайлы айту екіталай, алайда құрамамен бірге өткізетін жаттығу жиындары олардың шеберліктерін арттыруға көмегін тигізеді.Оның үстіне бүгінде оларда қолайлы жағдай бар.
Конкьишілер Ұлттық Федерациясының демеушісі болып табылатын «Самырұқ-Қазына» АҚ-ның көмегімен жаңа маусымда команданың техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Олардың арасынан «SRM» компьютерімен жабдықталған карбондық велосипедтерті атап айтуға болады. Ол велосипед тас жолында спортшыға түсетін қысымды анықтап отырады. Бұл жаттығу жиындарының деңгейін көтеріп, күш шыдамдылығына өзіндік әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, Maple Bender станогын, пульсометр, қан бойында лактаттың болуын анықтайтын құрылғы сатып алынды. Сонымен қатар, зілтемірмен жаттығу кезінде күшті арттыратын «MUSCLELAB» құрылғысы сатып алынды.
Канадада өтетін жиында спортшыларды конькилер, карбондық бәтеңкелер ұсынылады. Бәтеңкенің негізі спортшының аяғына ыңғайлы болуы үшін карбоннан жасалынған.
http://sk-sport.kz/kz/news/3605