Коньки тебушілердің халықаралық одағы Сочи Олимпиадасына өту нормативін жариялады. Communication No. 1799-да іріктеу уақытын орындайтын жарыс тізімі де қоса хабарланды.
Олимпиада Ойындарында өнер көрсеткісі келетін конькишілер жолдамаға қол жеткізіп қана қоймай, ағымдағы маусамда қажетті секундтарға қол жеткізуі тиіс.
Олимпиадаға қатысушылардың саны коньки тебуден мына Әлем кубоктарының нәтижесі бойынша анықталады:
- Калгаридегі Essent ISU (CAN) Әлем кубогы 2013жылдың 8-10 қарашасы
- Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ) Essent ISU Әлем кубогы 2013 жылдың 15-17 қарашасы
- Астанадағы (Қазақстан) Essent ISU Әлем кубогы 2013 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығы
- Берлиндегі (Германия) Essent ISU Әлем кубогы 2013 жылдың 6-8 желтоқсаны
Астанадағы Әлем кубогы әйелдер үшін 5000 м, ал ерлер үшін 10 000 м құрайтын жалғыз іріктеу турнирі болмақ. Сонымен қоса, Астанадағы бұл көрсеткішті әйелдер арасындағы 3000 м, ерлер арасында 5000 м қашықтықтағы рейтінгке әсері болатындығын айта кеткен жөн. Ерлер арасында да, әйелдер арасында да командалық іріктеу жарысы үш қалада өтеді: Калгари, Солт-Лейк-Сити және Берлин.
ISU мынадай іріктеу уақытын белгіледі:
әйелдер | ерлер | |
500 m | 39,50 | 35,90 |
1000 m | 1.18,50 | 1.10,80 |
1500 m | 2.00,00 | 1.48,50 |
3000 m | 4.15,00 | n.a. |
5000 m | 7.20,00 или 4.10,00 (3000 m) | 6.33,00 |
10 0000 m | n.a. | 13.30,00 немесе 6.28,00 (5000 m) |
Командалық жарысқа қатысу үшін конькиші ең болмағанда бір қашықтық бойынша іріктеу уақытына иеболуға тиіс.
Конькишілер іріктеу уақытын 1 шілде мен 2014 жылдың 13 қаңтары аралығында көрсетуі қажет. Астанада бұл аралықта нормативті орындауға мүмкіндік беретін үш жарыс өтеді. Олар – екі Қазақстан Кубогы және Әлем кубогы.
Қазақстан құрамасы алты жолдамаға қол жеткізуді көздеп отыр. Құрамамыздағы көшбасшылардың жеке рекордтарын есепке ала отырып, нормативті орындауға толық мүмкіндік бар екендігіне көз жеткіземіз.