Қазақстандық шаңғышылар жазғы жаттығу жұмыстарынан кейін екі апталық еңбек демалысына шықты. Спортшылар үйлеріне тарап, бүгінде көбісі көтеріңкі көңіл-күймендемалысқа шықса да, жаттығу жұмыстарынан қол үзер емес.
Денис Кузин демалысқа шықпас бұрын Минскіге ат басын бұрды. «Жаттығуымды 1500 метрге жүгіруден аяқтадым. 1.48.35 – жаман бастама емес, «Минск-Арена» айдынының рекорды, — пдеп жазады Денис twitter-дегі жеке парақшасында. 2010 жылы Кузин белорустік мұз айдынында 1000 метрге жүгіруден 1.10,94 үздік уақытын көрсеткен болатын. Дәл осы қашықтықта қазақстандық спортшы Сочидегі «Адлер-Аренада» орнатқан рекорды үшін естелік сыйлық иеленген болатын. Ал, әлем чемпионатын Денис Кузин 1.09,14 нәтижесімен жеңіп алды. Жалпы алғанда, Денис өзінің спорттық мансабында тоғыз рекорд орнатты. Оның төртеуі Челябинскідегі «Уральская молния» айдынында, ал екеуін «Алау» мұз Сарайында орнатқан болатын.
Роман Креч отадан кейінгі алғашқы жаттығу жұмыстарына кірісті. Өткен маусым бойы жарысқа араласпаған петропавлдік ойыншы жазғы жиындар кезінде тізесінің қайта ауыра бастағанын айтып еді. Қуанышқа орай, ота жасатуды керек етпей, бүгінде Роман тек маусымға дайыдалып қана қоймай, сонымен қатар Олимпиада жолдамасына таласуға тас-түйін дайындалып отыр.
«Бүгін тіземді «жөндеу жұмыстарынан» өткізіп, физиотерапия қабылдаған соң біірнші рет серуендеуге шықтым. Оптимист болып қалайық», — деп жазады Роман twitter-дегі парақшасында.
Ал,Екатерина Айдова бүгінде заңды демалысқа шықса да Қарағандыға оралып, жаттығу жұмыстарын жалғастыру үстінде. «Канада елінде бір ай болып қайтып, Қарағандыға оралдым. Жаттығу жұмыстарымды үзбеуге тырысамын. Кеше біраз естеліктер әлеміне оралып, хоккейлі қорапта шорт-трекпен айналыстық», — дейді Екатерина өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар, жуырда Коломна Жазғы Кубогынан оралған жастар құрамасы да жаңа маусымда бірқатар кәсіби деңгейі жоғары сайыстарға қатысатын болады. Әрине, олар уақыт жағынан да жақсы көрсеткіш көрсетулері керек. КоломнадаДарсиль Эссамамбо 500м қашықтықта 36,95 уақыт нәтижесін көрсетті. АлександрКленконың уақыты-37,83. Қос спортшы да жаңа маусымда ұлттық штаттық команда сапына қабылданды.
Қыркүйек айында шаңғышылар«Алау»мұз сарайында бірнеше жаттығулар сериясын өткізед. Алғашқы жарыс 16 қазанға жоспарланған. Бұл күні әлем Кубоктарына қатысушы құраманы жасақтау мақсатында Қазақстан чемпионаты өтеді.