2013-2014 жылдардағы коньки тебу маусымы ашық. «Алау» мұз айдынында Қазақстан Кубогы өтті. Алғашқы жарыс болған соң көпшіліктің аса бір ерекше жайтты күтпейтіні белгілі әрі нәтижесіне де зор мән беріп қажеті жоқ. Дегенмен бүгінгі сайыстың өзінде қызықты оқиғалардың куәгері атану мүмкіндігіне ие болдық.
Қызықты жайттардың көшін бастаған ол — әлем чемпионыДениса Кузинніңөз алаңында өнер көрсетуі. Қостанайлықтың өмірінде қандай өзгерістер орын алды? Өзгерістер өте көп. Қазір «Алауда» Кузиннің өзіне ғана тиесілі киім ауыстыратын бөлмесі бар. Оның үстіне атақ-даңқын толығымен айтып, ортаға шақырудың өзіне 500 метр қашықтықты бағындырудан көбірек уақыт кетеді. Қалай болғанда да еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстан рекордшысы. Алайда атақ-даңқ дегеніміз сапалы жүгіріске қарағанда маңызды емес. Көрсеткішті жақсарту жолындағы нағыз талас олимпиадалық жолдама сарапқа салынатын Әлем кубогының кезеңдерінде басталмақ.
Бүгін Кузин 500м қашықтықта 36.19, ал1000метрде 1.10,05 көрсеткішіне ие болды. Ең бастысы, бұл чемпионның көрсеткіші. Аарадағы айырмашылықты байқау үшін білгір маман болудың қажеті жоқ. Өткен жылғы Кузин мен биылғы Кузин де мүлде бөлек. Өзіне деген сенімділігі артқан, абдырамайды. Тіпті бойы мен аяқтары да өскен сыңайлы. Эссамамбоменмыңдыққа жарысқанда айырмашылықтар көзге ұрып тұрды. Дарсиль барын салып, денесін қыздыруға тырысып жүргенде, Кузин мұзда жүзіп жүргендей әсер қалдырды. Жол аяқталды, бірақ көзіңді ала алмайсың чемпионнан.
Денистің айтуынша, бүгін де, Қазақстан біріншілігінде де ол барын салып жүгірмейді. Себебі күш сарп ететін жарыстар әлі алда.
Құраманың бас бапкері Вадим Саютин ақылға қонымды дүниелерді айтты: бірінші жарыстарда сенің қалай жүгіретінің маңызды емес, маусымда қандай көрсеткішке ие болатының маңызды. Егер букмекерлік конторалар коньки спортына бәс тігетін болса, онда мен бар сыйақымды Кузиннің 1000 метрде алғашқы екі Әлем кубогында және Қазақстан чемпионатында рекордтық көрсеткішке қол жеткізеді деп тігуші едім.
Бапкер қалай десе де, маусымды жақсы көрсеткішпен бастаған жөн. Екатерина Айдова алғашқы Кубокты еншілейтіндердің қатарында. Алғашқы үш орын таңғалдырмады. Бүгін Айдованың көрсеткіші мен өзгелердің арасы жер мен көктей. Бұл Екатеринаның әлемнің үздіктерімен иық тірестіре алатындығын аңғартса керек. Қарағандылықтың 5-6 қазанда ие болған нәтижелері арқылы ол әлемдік рейтингте 10-орынға көтерілді.
Кубокта тағы кімді өзгеше атай аламыз? Дарсиль Эссамамбоның есімі де жадымызда ерекше жатталды. Оның басты қарсыластарынан әзірге жарақатынан айықпаған Роман Креч қана қатарда жоқ. Сондықтан Дарсильдің өнері жеңіске әбден лайық.
1000 м қашықтықтағы жарыс бара-бара қызи түсуде. Тұғырға Кузин, Мезенцев және Жигин көтерілді. Үшінші орынды көшбасшыдан 0.8 секунд қана бөліп тұр. Бұл маусымдағы Әлем кубогында аталмыш шақырымда Қазақстанға төрт жолдама бұйырды. Мұның өзі бәсекелестікті өршіте түсетіндігі айдан анық.
Маусым енді ғана басталғанына қарамастан, көптеген спортшылар өзін танытуға дайын. Бұл Артур Сергиенконың қолынан келді де. Петропавлдық жігіт 3000 метірді 3.56,79-да бағындырып, халықаралық дәрежедегі спортшының көрсеткішіне қол жеткізді. Осылайша, ұзақ қашықтыққа бақ сынайтын әлем кубогының қатысушы белгілі болды. Әрине,Бабенкодан кейінгі бірінші.
Қорытындыда Виктория Кузинажайлы бірер сөз. Әлем чемпионының жұбайы Беларусь командасының намысын қорғайды, ал оның Қазақстан кубогына қатысуы жарысты халықаралық деңгейге көтергендей. Айтпақшы, Кубок жолында 111 қазақстандық бақ сынады — бұл жақсы көрсеткіш.
Келесі жарыс — Қазақстан чемпионаты. Дәл сол сында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын құрама белгілі болмақ.