2017 жылғы 29 желтоқсанда Алау мұз сарайында коньки тебу спортынан аяз атаның сыйлығына арналған жарыс өтті.
Бұл балалар жарысы дәстүрлі жарысқа айналды деп айтсақ қателеспейміз, себебі бұл қызықты жарыс 5 жыл қатарынан өткізілуде.
Жарысқа кіші жастағы және ең кіші жастағы бүлдіршіндер қатысты, ол 8-13 жас аралығындағы балалар. Биылғы жарысқа 66 спотшы қатысты, жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтау қағаздарымен естелік сыйлықтармен және тәтті сыйлықтармен , 4-6 аралығындағы орындарды иеленген спортшылар мадақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сыйлықтарды арнайы асяз ата мен ақшақардың өздері табыстады. Жарыс өте көңілді де қызықты өтті, бүлдіршіндердің барлығы кейіпкерлерімізден айналып шықпады.
Келесі спортшылар үздіктер қатарынан табылды: Жумабай Аружан – 1, Омарбекова Малика – 2, Степаненко Екатерина – 3, Жакупов Ермек – 1, Тюлюгенов Алдияр – 2, Салов Данил – 3, Дусимбек Санжар – 1, Айтбаев Тимур – 2, Шабасова Екатерина – 1, Ильясова Томирис – 2, Зотова Светлана – 3. Өткен жылға өкпеміз жоқ, табысты жыл болды. Көптеген спорттық дәрежелер орындалып, конькимен жүгірушілердің шеберліктері шыңдала түсті. Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Ал біздің саңлақтардан жеңісті күндер мен жылдам уақыттарды күтеміз.
Жарыста болған естелік фотосуреттерді келесі сілтеме бойынша көре аласыздар