Қазақстандықтар 3000 метрлік эстафетада екінші орын алды.
Қазақстандық шорт-трекшілер қысқы Азия ойындарында 3000 метрге эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Финалдық жүгіруде біздің команда үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Құрамада Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Ажғалиева және Мәдина Жанбосынова өнер көрсетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында Азиаданың төрт күміс және қола медальдары бар.
Азиаданың алғашқы медалін — күмісті — шорт-тректен аралас команда жеңіп алды. Біздің спортшылар эстафетада подиумға көтерілді. Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Малика Ермек қорғады.
Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта финалда екінші болды.
Шаңғы жарысында үшінші орын алған шаңғышы Константин Борцов жапон спортшысының дисквалификациясынан күміс жүлдеге ие болды.
Фристайлшы Аяна Жолдас акробатикадан қола медаль жеңіп алды.