1. Логотиптің сілтемесі:

https://drive.google.com/drive/folders/166fiKn-ClGirm-fHaW7DZdaPcjZrUfeV 

Осы сілтеме бойынша Google disk-те 3 қалта бар: логотип, логобук (логотипті қолдану талаптары) және қолданылатын шрифт үлгілері.

  1. Сыртқы жарнаманы орналастырудың үлгілері бойынша сілтеме:

https://drive.google.com/drive/u/1/folders/1kV5x7gala4bBX9cupdSp0WI8ZE6ADIuL

Осы сілтеме бойынша Google disk-те 26 қалта бар: билборд, LED-экран, брандмауэр, рекламдық пилон, тік жалау, көлденең жалау, көшеге ілінетін жазу, ғимарат төбесіндегі жазу, аялдамалардағы жарнамалық пилон, ғимарат маңдайшасындағы жазу, автобус, шағын автобус, күрте, футболка, кепка, қағаз стакандар, саптыаяқ т.б.

  1. Әлеуметтік желілерге арналған үлгілер бойынша сілтеме:

https://drive.google.com/drive/u/1/folders/10n7pvWR-AMYsPHzk3greg13mHblDGVzD 

Үшінші сілтеме бойынша Google disk-те 6 қалта бар: Facebook, Twitter, YouTube, Instagram, TikTok, Telegram әлеуметтік желілерінде аватар, поcт т.б. үшгілері.

 

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

  1. Барлық қалталардағы файлдар жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін бірнеше нұсқада сақталған: дизайндық тұрғыда өңдеу үшін Corel-де, қалай жұмыс істеу керек екенін түсіну үшін «Конструктор» атты файлда және оған дейін бастапқы үлгінің қандай екенін көру үшін pdf-файл түрінде.
  2. Файлдарды қолданбас бұрын оны орналастыратын тұғырдың пішінін анықтау қажет! Келтірілген үлгілердің көлемін өзгертуге болады, сондықтан басып шығармас бұрын оны кішірейтіп, үлкейтіп, нақты көлемін өзіңіз көрсетіңіз!
  3. Вижуалдарды өңдеу кезінде файлдарды пайдалану үшін әуелі логотип, шрифт, фото, басқа да графикалық элементтердің бәрін өз компьютеріңізге көшіріп алыңыз!
  4. Фотолар мен вижуалдарды басып шығару үшін оларды кемінде 200-200 ppi пішінінде сақтап алу қажет!
  5. Электрондық тасымалдағыштарға арналған фотолар мен вижуалдар кемі 72 ppi пішінінде болуға тиіс!
  6. Көрсетілген пішін т.б. талаптарын сақтамау, фото, графикалық элементтерді басып шығарудағы сапасын кемітеді.
  7. Файлдардағы фотоларды өзгертуге болады, олар мұнда үлгі ретінде беріліп отыр! Бұл фотоларды да қолдануға болады, бірақ барлық жердегі сыртқы жарнама суреті бірдей болмауын қадағалау керек.
  8. Сыртқы жарнаманың көрсетілген нұсқаларындағы жазуларды өзгертуге болады, олар тек үлгі ретінде берілген!