2017 жылғы Астана қаласындағы Алау мұз сарайында коньки тебу спортынан Астана қаласының Ашық Біріншіліг өз жалауын көтерді.
Біріншілік ашық болғандықтан Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы қатысуға ниет білдіріп сөре жолағына шықты. Екі күнге созылған жарысқа жалпы саны 70 спортшы қатысты. Өте жылдам сөрелер болды деп айтсақ қателеспейміз, себебі көп спортшыларымыз рекордтарын жаңартып жақсы уақыттар көрсетті.
І және ІІ спорттық дәрежелі спортшыларымыздың бірден алтауы спорт шеберіне үміткер атағын орындады, ІІІ спорттық дәрежесі бар спортшымыз І спорттық дәрежесінің уақытын орындады. Жалпы нәтижелер көңіл толтырарлық, жарыс жоғары деңгейде өтті. Спортшыларды үлкен додаларға қазіргі уақыттан бастау мақсатында төрешілік қатаң түрде ереже бойынша өтті, қателік жасаған спортшылар бірден қашықтықтан шеттетіліп отырды. Жеңімпаздарды анықтауға көмектескен төрешілер ұжымына және Алау мұз сарайының әкімшілігіне, қызметкерлеріне, ерекше IT бөлімінің жұмыскерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Астана қаласындағы коньки тебу спортының деңгейі айтарлықтай жоғарлауда. Әрине ересек спортшыларымыз аз, дегенмен спорт мектебіміздегі жаттықтырушы-оқытушылар санын ұлғайтып, болашақ мықты спортшыларды дайындауға көп жұмыстар атқарылуда.
Аз ғана уақыттынды ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына бір спортшы қосылса біздің мектепте, жасөспірімдер құрамасында өте көп спортшымыз тіркелген. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сілтеме бойынша хаттамалардан көре аласыздар, және де суреттер келесі сілтемеде.