Біздің мектебіміздің ең қызықты спорт түрі, сонымен қатар пайдаласы спорттық бағдарлау болып табылады Бұл қолданбалы спорт түрі, негізгі мақсаты қатысушылардың картасында көрсетілетін бақылау нүктелерін бағдар бойынша өту.

 Астана қ.әкімдігінің «№ 2 БЖСМ» МКҚК, «Оқушылар сарайы» және Жас туристер стансасы күшімен 2015 жылғы 24-25 қазанда Астана қ. саябақ аумағында «Осенний ориентир 2015» ашық қалалық жарысы өткізілді.

 Жарысқа «№ 2 БЖСМ» МКҚК, Оқушылар сарайы және Жас туристер станция базасының спортшылары қатысты. Турнир әр түрлі қашықтықта екі күн өткізілді. Оған 100-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыс ережесіне сәйкес жас ерекшеліктеріне тиісті топтарға бөлінді.

 Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша ресми емес командалық есепте біздің мектептің спортшылары бірінші орынды иеленді – қалалық және республикалық жарыстарға қатысу үшін бағдарлаушыларды дайындаудың негізгі бастамасы болды.

 Біздің спортшыларымызды құттықтаймыз және турнирге жақсы дайындық үшін жаттықтырушыларға, ата-аналарға және біздің мектебіміздің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.