25 мамырда «Алау» мұз айдынында «Денис Тен және оның достары» мұздағы шоу ұйымдастырылады.Мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен аталған шараны өткізуге Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бастамашы болды. Стефан Ламбьель, Брайан Жубер, Ирина Слуцкая, Каролина Костнер сынды әлем жұлдыздары шоуға қатысатындарын қуаттады. Бір күн бұрын аталмыш шара Алматыда өткізіледі.
Қоюшы-режиссер Ари Закарян, айдындағы шоуларды ұйымдастырушы, Евгений Плющенко мен ИринаСлуцкаяның продюсері. Жобаның музыкалық продюсері– қазақстандық сазгер Ренат Гайсин.
Денис осындай жобаны жүзеге асыратын ойы барын бұрын да айтқан. Әлем чемпионатында көрсеткен сәтті өнерінің арқасында оның арманы жүзеге асты.
«Бұл еліміз үшін сый болмақ, — дейді Денис Тен. – шоудың мақсаты – адамдарды мәнерлеп сырғанауға тарту. Мұндай шаралар керек. Әсіресе, олар ешқандай салмақ салынбайтынымен жақсы, спортшылар жанкүйерлерімен әбден араласа алады. Шоу мәнерлеп сырғанаудың дамуына серпін беретініне сенімдімін, сөйтіп, жақын арада, жаңа жұлдыздар жанатын болады».
Көрермендердің назарына мәнерлеп сырғанаушылардың классикалық бағдарламалары да, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін жобаға арнайы әзірленген номерлер де ұсынылады.
Мәнерлер сырғанау әуесқойлары шоу «эстеттік» деп атап отыр. Ең әуелі бұған таңдалған қатысушылар себеп. Мұндай танымал жұлдыздар бұрын-соңды Қазақстанға келмеген. Каролина Костнер әлем чемпионы ғана емес, бұл қазіргі замандағы үздік мәнерлеп сырғанаушы. Стефан Ламбьель де. Бұл екеуі де– қозғалыстың нағыз мәдениеті.