Пекинде мәнерлеп сырғанаудан өткенГран-при сайысының үшінші кезеңінде Денис Тен еркін бағдарламада үшінші орынды иеленіп (147,75 ұпай)қорытынды кестенің төртінші орнына (224,80)жайғастыАл, бірінші орынды қытайлық мәнерлеп тебуші Хань Янь иеленді.

Қысқа бағдарлама үшін Денис француздық композитор Шарль-Камиль Сен-Санстың «Өлімнің биі» атты әнін, ал еркін бағдарламағаДмитрий Шостаковичтің  «Бойжеткен және тентек» атты балетінің музыкасын таңдап алыпты.

Қытайда өткен бұл Кубок биылғы маусымдағы Гран-при сайыстарының үшіншісі болып саналады.  Спортшылар Гран-При-де жекелей сында жүлде қорына тігілген 180 000 АҚШ доллары үшін таласқа түседі.

Естеріңізге сала кетейік,  Денис Тен Гран-Придің алғашқы кезеңіне жарақатына байланысты қатыспаған болатын.

-«Менің үш жарақатым бар: екі тобығым мен арқамның үстіңгі бөлігі. Бұл маусымда жарақатыңмен өнер көрсету қиынға соғады», – дейді Тен өзінің жеке ғаламтор парақшасында.

Келесі Гран-При кезеңі Токиода 8-10 қараша күндері өтеді.

Қорытынды кесте

1. Хань Янь (Қытай) – 245,62
2. Максим Ковтун (Ресей) – 238,65
3. Такахико Козука (Жапония) – 226,92
4. Денис Тен (Қазақстан) – 224,80

http://sk-sport.kz/kz/news/4859