- Логотиптің сілтемесі:
https://drive.google.com/drive/folders/166fiKn-ClGirm-fHaW7DZdaPcjZrUfeV
Осы сілтеме бойынша Google disk-те 3 қалта бар: логотип, логобук (логотипті қолдану талаптары) және қолданылатын шрифт үлгілері.
- Сыртқы жарнаманы орналастырудың үлгілері бойынша сілтеме:
https://drive.google.com/drive/u/1/folders/1kV5x7gala4bBX9cupdSp0WI8ZE6ADIuL
Осы сілтеме бойынша Google disk-те 26 қалта бар: билборд, LED-экран, брандмауэр, рекламдық пилон, тік жалау, көлденең жалау, көшеге ілінетін жазу, ғимарат төбесіндегі жазу, аялдамалардағы жарнамалық пилон, ғимарат маңдайшасындағы жазу, автобус, шағын автобус, күрте, футболка, кепка, қағаз стакандар, саптыаяқ т.б.
- Әлеуметтік желілерге арналған үлгілер бойынша сілтеме:
https://drive.google.com/drive/u/1/folders/10n7pvWR-AMYsPHzk3greg13mHblDGVzD
Үшінші сілтеме бойынша Google disk-те 6 қалта бар: Facebook, Twitter, YouTube, Instagram, TikTok, Telegram әлеуметтік желілерінде аватар, поcт т.б. үшгілері.
ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!
- Барлық қалталардағы файлдар жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін бірнеше нұсқада сақталған: дизайндық тұрғыда өңдеу үшін Corel-де, қалай жұмыс істеу керек екенін түсіну үшін «Конструктор» атты файлда және оған дейін бастапқы үлгінің қандай екенін көру үшін pdf-файл түрінде.
- Файлдарды қолданбас бұрын оны орналастыратын тұғырдың пішінін анықтау қажет! Келтірілген үлгілердің көлемін өзгертуге болады, сондықтан басып шығармас бұрын оны кішірейтіп, үлкейтіп, нақты көлемін өзіңіз көрсетіңіз!
- Вижуалдарды өңдеу кезінде файлдарды пайдалану үшін әуелі логотип, шрифт, фото, басқа да графикалық элементтердің бәрін өз компьютеріңізге көшіріп алыңыз!
- Фотолар мен вижуалдарды басып шығару үшін оларды кемінде 200-200 ppi пішінінде сақтап алу қажет!
- Электрондық тасымалдағыштарға арналған фотолар мен вижуалдар кемі 72 ppi пішінінде болуға тиіс!
- Көрсетілген пішін т.б. талаптарын сақтамау, фото, графикалық элементтерді басып шығарудағы сапасын кемітеді.
- Файлдардағы фотоларды өзгертуге болады, олар мұнда үлгі ретінде беріліп отыр! Бұл фотоларды да қолдануға болады, бірақ барлық жердегі сыртқы жарнама суреті бірдей болмауын қадағалау керек.
- Сыртқы жарнаманың көрсетілген нұсқаларындағы жазуларды өзгертуге болады, олар тек үлгі ретінде берілген!