Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы жазғы жаттығу жиындарына жоспарларын айқындады. Мамыр айында конькимен жүгірушілер дайындық жиындары өтетін Мальоркаға аттанады. Веложаттығуларды жасау үшін қолайлы инфрақұрылымның бәрі бар болғандықтан 2013-2014 олимпиадалық маусымды бастау үшін Испания аралы таңдалып отыр.
Содан кейін команда біраз демалып, канадалық Калгариде екі жиынға қатысады. Тамыз айында Солтүстік Америкада өтетін екі жиында биік тауда орналасқан айдындардағы мұзға бейімделеді. Нақ осы жерде 8-10 қарашада (Калгари) және 15-17 қарашада (Солт-Лейк Сити) Әлем кубогының алғашқы екі кезеңі өтеді.
Конькимен жүгірушілер ойынға қатысу үшін квалификациялық талаптарды орындауы үшін Олимпиада қарсаңындағы Кубоктың алғашқы кезеңдері дәстүрлі түрде биік таудағы айдындарда өткізіледі. Өткен маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан төрт лицензия алуға үмітті. Олимпиадалық компанияға қосылу үшін отандық спортшылар алғашқы Кубоктарда барынша жоғары жылдамдық көрсетуі тиіс. Бірінші кезекте бұл Роман Кречке қатысты. Ол операцияның салдарынан өткен маусымды өткізіп алды. Бірақ жарасы жазылып, енді қажетті нәтижеге қол жеткізуге дайын.
Қыркүйек айында құрама таудан төмен түсіп, «Алау» Мұз сарайында Қазақстан чемпионатына дайындалады. Онда ұлттық штаттық команданың ақырғы құрамы бекітіледі. Жарыс 16 қазанға белгіленген. Оны аяқтаған соң ел құрамасы бірден Канадаға оралады. Чемпионат жеңімпаздары ұлттық команданың құрамына алынып, Сочи Олимпиадасына жолдаманы сарапқа салады.