Қазақстан чемпионаты өтті

Қазан айының 24 жұлдызында Астаналық «Алау» спорт кешенінде коньки тебу спортынан әртүрлі дистанцияда Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа қатысуға 124 спортсмен өтініш тастады. Жарыста Қазақстанның коньки тебу спортының көшбасшылары: Екатеринова Айдова, Дмитрий Бабенко, Александр Жигин және Федор Мезенцовтар қатысады. Чемпионат 3 күнге созылды.

Қазақстан чемпионаты 2014/2015 маусымының алғашқы және ең маңызды старттарының бірі болып есептеледі. Осы жарыстың нәтижесінде Қазақстан Ұлттық құрама командасының құрамында Әлем Кубогіне қатысатын спортшыларының тізімі жасалады. Оған қоса, осы жарыстардың нәтижесінде желтоқсан айында біздің елде өтетін стунденттер арасындағы Әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысатын құрама командасының қаңқасы құрастырылды: Екатерина Айдова, Татьяна Сокирко және Мария Сизова. Ерлер: Денис Кузин, Федор Мезенцов, Александр Жигин, Максим Баклашин и Артур Сергиенко.

Жарыстың нәтижесінде Кузин мен Айдова 1500 метрлікте бірінші орын алса, Федор Андреев те Солтүстік Қазақстан атынан «Алтын медаль» иеленді.

Астанада келесі жылдың ақпан айында өтетін коньки тебу спорытының Әлем чемпионатына дайындық жүріп жатыр. Бүкіл әлемнің ең мықтыларын жинайтын жарыс Қазақстанда алғаш рет өтпекші. Сол себепті, «Алау» спорт кешенінде біраз жаңарту жұмыстары жүргізіліп, өзгертулер де орын алыпты. Мысалы, мұз айдынында чемпионатқа қатысушы спортсмендер бір-бірімен жарысып жатқан уақытта айдынның ортасында кішкентай коньки тебушілер еш қиындықсыз мұзда сырғанап жүрді. Себебі, мұз айдыны екі бөлек, бір-біріне кедергі жасамайтын айдындарға бөлінген. Көркемдеп коньки тебу үйірмелері де «Алау» спорт кешенінде ұйымдастырылады екен.

Чемпионаттың ең бір көзге қатты түсетін кемшілігі де болды. Ол, әрине – жарысты көруге келген жанкүйерлердің мүлдем жоқтығы. Жарысты көруді ақысыз қылып жасағанның өзінде жергілікті ұйымдастырушы кісілерден басқа трибунадан ешкімді таба алмадық. Мүмкін, жарыс ұйымдастырушылары чемпионаттың жарнамасына көбірек көңіл бөлгендері дұрыс сияқты.

Айта кететін тағы бір жайт, осы Қазақстан чемпионаты бұл форматтағы соңғы жарыс болды. Яғни, бұған дейінгі жарыстарда мықтылар – 2 түрлі қашықтықта жарысып, солардың нәтижелерін қосу арқылы анықталатын. Ендігі болатын жарыстарда жеңімпаз тек 1 қашықтық нәтижесімен анықталатын болады. Бұл ереженің өзгеру себебі, соңғы әлемдік үлкен жарыстарда тек Нидерланд спорт шеберлерінің жеңіске жетуінде еді. Сочидегі олимпиадада Роббеннің Отандастары осы спорт түрінен 28 бірдей медальды қанжығаларына байлаған екен. Спорт шенеуніктері, «Бізге 1 ғана мемлекет өкілдері жеңе беретін спорт түрі Олимпиадада несіне керек?»,- деп шешіп, жарыстың форматын өзгертуге бел буыпты. 

Жарыстан түсірілген басқа суреттерді мына сілтемеден таба аласыздар.

Мақаланы дайындаған – Нұрғазы Абжанов

el.kz