Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

Ағымдағы жылдың қараша айының 22 – 24 жұлдызы аралығында Шымкент қаласында шорт–трек спортынан жасөспірім ұлдар қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа еліміздің тоғыз өңірінің командалары қатысты. спортшы ұл қыздарымыз өнер көрсетті. Бұл чемпионатта шорт – трек спортынан Қазақстан Республикасының жастар құрамасындағы спортшыларымыз Ермек малика, Жанисов Санжар, Тажибай Динмухамед, Кайрбеков Нурлан, Журсинов Нурлыбек, Тажибай Динмухаммед тағы басқада спортшыларымыз бақтарын сынап барлық қашықтықтарда жүлделі орындардан көріне білді. Жалпы жарыс жақсы деңгейде өтті. Жақсы қарқын алып келе жатқан бұл спортшыларымыдан да күтетін үмітіміз көп, жас буындардын алатын асулары әлі алда деп білеміз. Медалдар саны бойынша қоржынымызда 16 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.