Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айының 14 – 17 жұлдызы аралығында Орал қаласында шорт – трек спортынан ересек және орта жастағы жасөспірім ұлдар қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа еліміздің жеті өңірінің командалары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 99, Астана құрамасынан 8 спортшы ұл қыздарымыз өнер көрсетті. Бұл чемпионатта шорт – трек спортынан Қазақстан Республикасының жастар құрамасындағы екі спортшымыз Серікбай Данияр мен Хан Яна барлық қашықтықтарда жүлделі орындардан көріне білді. Данияр Шымкент қаласының спортшысы Бейсеев Нұрлыбекке ғана жол беріп төрт қашықтықта да күміс жүлдегер атанды.

Ал Яна Қостанай спортшысы мен Орал спортшысына шамалы есе жіберіп екі қашықтықта күміс ұтса екі қашықтықта қоланы қанағат тұтты. Тағы олардан бөлек  ересек жастағы ұлдарымыз эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды. Жалпы жарыс жақсы деңгейде өтті. Жақсы қарқын алып келе жатқан бұл спортшыларымыдан да күтетін үмітіміз көп, жас буындардын алатын асулары әлі алда деп білеміз. Елімізде де бұл спорттың дамуына бар жағдай жасалған. Қазіргі таңда мекемемізде екі жаттықтырушы жұмыс істейді.

Әрине елорда үшін бұл аздық етеді, кәсіби мамандардың тапшылығы сезіледі бұл тұрғыда. Жаңадан келетін мамандарға да жас дарынды балаларға да біздің есік әрдайым айқара ашық. Ізгі ниетпен Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ әкімшілігі.