Қазақстан Республикасының IV Қысқы Спартакиадасы өз жалауын көтерді

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының IV Қысқы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Бұл салтанатты жиынға біздің үздік тәрбиеленушілеріміз шақырылды.

Жалпы концерттік бағдарламаға көптеген жас сырғанаушыларымыз қатысса, спартакиада туын көтеруге үздік спортшыларымыз шықты. Нақтырақ айта кететін болсақ коньки тебуден Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер Жәрдембек Алтай, шорт-трек спортынан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер Жолдас Дінмұхаммед, конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Никита Манько сынды спортшыларымыз спорт ардагерлерімен қатарласып мұз алаңына шықты. Ересектер қатысатын бұл спартакиадаға Астана қаласының құрамы негізінен жастардан құралған. Қазіргі таңда жарысқа қатысатын спортшыларымыз жарыс алдындағы оқу – жаттығу жиындарына қатысып шеберліктерін шыңдауда. Қазақстан Республикасының IV Қысқы Спартакиадасы келесі ретте өтетін болады.

Ең бірінші болып сөреге конькимен мәнерлеп сырғанау спортының саңлақтары шығады, 20-24 қараша 2017 жыл, Шымкент қаласы. Шорт – трек спорты екінші кезекте, 23-27 қараша 2017 жыл, Алматы қаласы (Балуан-Шолақ атындағы спорт сарайы). Үшінші кезекте спорттық бағдарлаушылар, 15-20 желтоқсан 2017 жыл, Риддер қаласы. Конькишілеріміз жарысты жалғастырады, 20-23 желтоқсан, Астана қаласы(Алау мұз сарайы). Спартакиаданы шаңғышыларымыз тәмамдайды, 19-29 желтоқсан Алматы облысы, Талғар қаласы(Шаңғы-биатлон стадионы).

Спортшыларымыздан жүлделі орындарды күтеміз. Мүмкіндігінше жарысты тамашалап Астанамызға жанкүйер болыңыздар!!!

Қосымша ақпараттар келесі сілтемеде: