Қазақстандық комбинезондардың әрленімі голландиялық ғаламтор қорындағы дауыс беру нәтижесі бойынша ең үздік атағын иелену мүмкіндігі бар.
Көгілдір-алтын түсті конькишілердің киімі 22 желтоқсан күні аяқталатын дауыс беру науқанында көш бастап келеді. Қолданушылар биылғы маусымдағы Әлем Кубоктарында көзге түскен ұлттық құрамалардың жиырма нұсқаларын қарастырып, өз бағасын беруде.
Біздің команданың бейнесін «Алау» мұз сарайының дизайнерлері Қазақстан коньки тебушілер федерациясымен бірігін жасап шығарды. Өткен жылдағыдай киім үлгісінің негізгі элементі болып Алматы қаласынан 70 км қашықтықта орналасқан Тамғалы шатқалы болып есептелінеді. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі XIV ғасырда пайда болған ежелгі мекен. Мемлекеттік Көкбайрағымыздың түсін алтын адамның бейнесі толықтырып тұрады.
Дизайнерлерге құраманың танымал түстерін сақтап, сонымен қатар, ұлттық ұқсастықты бейнелейтін сиволдарды табу тапсырмасы берілді. Әрі олар әмбебап, бірден адам тани алатын символдар болуы керек. Петроглифтерді қолдану арқылы құрама ұрпақтар жалғастығын және өткенмен тығыз байланысы бар екендігін танытады.
Белгілі болғандай, мұндай концепт Сочи Олимпиадасында команданың безендіруіне де қолданылады. Сол себепті, конькишілер бұл маусымда әрленімдерін өзгертпеу, өткен жылғымен өнер көрсетуді жөн санапты. Оның үстіне аталмыш киім үлгісі расымен де сәттілік әкелді – дәл осындай комбинезонда Денис Кузин әлем чемпионатында жеңіске қол жеткізді.
Желтоқсан айында Астанада Олимпиадалық комбинезонды жасап шығарады деп күтілуде. Мұнда жаңа әрленіммен қатар, спортшыларды жылдам қозғалатуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолданылмақ. Естеріңізге сала кетейік, 2013/2014 жылғы маусымда конькишілер демеушілер — «Самырұқ-Қазына» АҚ мен «Алау» мұз сарайының логотипі бейнеленген комбинезондармен өнер көрсетеді.
Қазақстандықтар үшін мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады: http://allesmetsport.wordpress.com/2013/12/01/poll-welk-land-heeft-het-mooiste-schaatspak/