Әлем жасөспірімдер Кубогіндегі қазақстандық жүйріктердің тағы екі марапаты

Минск қаласындағы коньки тебу спортынан Жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогі аяқталды.

Екінші күн де Қазақстан жастары үшін жемісті болды. Бұл жолы бірден екі жасөспірім медаль тақты. 500 м. қашықтықта Артем Крикунов алтынға қол жеткізді (36,48). Қола кешегі 1000 м. қашықтықтағы жеңімпаз Палкин Станиславта (36,72).

Айта кетерлігі Палкин күміс жүлдегерден 0,001 секундқа қалып қойды.

Жүлдегерлердің қатарына ілінбеген жасөспірім спортшыларымыз да қашықтықтарды жеке рекордтарымен аяқтады. Бұл спортшылардың профессионалдық деңгейінің өскендігін білдіреді. Жарқат алып, ересек жасқа келген спортшылардан бас тарту туралы әр деңгейлі ұсыныстар түсетіні құпия емес, бірақ бірнеше жыл қатарынан жас спортшылардың еш қайсысы негізгі құрамға ене алмай жүр.