10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту күні

АЗА ТҰТУ

Еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан ішкі істер, әскери саласындағы азаматтарымыз бен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды (тиісті Жарлық Ақорда сайтында). Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бұл шешімі – елді сабырлыққа, имандылыққа, ауызбірлікке шақыру шарасы.

Ықылым заманнан сан қиындық пен сынақты бастан кешірген халқымызды қаңтардағы қара құйын қатты күйзелтті. Төтеннен, бөтеннен келгендерге табалаушы елбұзарлар қосылды. Халықтың жиған-тергені шашылды, ырыс-несібе рәсуа болды, қалаларымызда ойран салынды, қан төгілді. Отан үшін әрбір жанның қазасы қасіретті. Кенеттен қайғы арқалаған отбасылар мен әулеттердің баршасына қайғырып, көңіл айтамыз.