20 ақпанда елордада жыл сайынғы «Бұрқасын – 2022» қысқы фестивалі өтеді
🤗 👏🤗 Құрметті Елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
📌 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қысқы «Бұрқасын – 2022» фестиваліне шақырады. Аталмыш іс -шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді:
✔ шаңғы жарысы
✔ гір тасын көтеру
✔ қол күресі
✔ белбеу күресі
✔ арқан тартыс
✔ пималы хоккей
✔ қармен нысананы дәлдеп ату жарысы
✔ автоспорт
✔ мотоспорт
✔ қысқы футбол
📌 Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
⛷ 📝 Шаңғы жарыстарына тіркелу жарыс кестесіне сәйкес сөреден 30 минут бұрын, өткізу орнында өткізіледі.
⛷Шаңғы жарысының қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша сөреден 30 минут бұрын беріледі.
🔴 Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.
🥇🥈🥉 Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
🤗👨👩👦👦⛷👨👩👧🤗✊ Сіздерді және Сіздердің жақындарыңызды «Бұрқасын – 2022» қысқы ең жарқын спорт фестиваліне белсенді қатысуға, бізбен сергектік пен жақсы көңіл-күй қуатын алуға шақырамыз!
Барлықтарыңызды күтеміз!
📌 Өткізілу уақыты: 2022 жылдың 20 ақпан күні, басталуы сағат 11:00 де.
📌 Өткізілу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» өзені, Амфитеатр жаныңда