2017 жылғы 29 қаңтар және 8 ақпан аралығында өтті Алматы қаласында ХХVIII қысқы Универсиада ойындары өтті.

Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындары да аяқталды. Қазақстандық спортшылар 11 алтын 8 күміс 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. 

Қазақстан құрамасы қысқы Универсиада ойындарына алғаш рет 1993 жылы қатысты. Польша жерінде өткен жарыста бұйырғаны бір күміс медаль болды. Араға екі жыл сала Испанияда өткен Универсиада ойындарында 2 алтын, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 8-орынға ие болды. Ал одан кейінгі 1997, 1999, 2001 және 2009 жылдары отандастарымыз қысқы Универсиада ойындарына қатысқан жоқ. Қазақстанның қысқы Универсиада ойындарындағы ең үздік нәтижесі 2015 жылы Гранада (Испания) мен Штрбске-Плесода (Словакия) өткен жарыста тіркелді. Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте үшінші орын (5 алтын, 6 күміс) алды. Бұл көрсеткіш – Қазақстан құрамасының өз тарихындағы ең ірі жетістігі болатын. Алматыдағы Универсиадада отандастарымыз бұл рекордын жаңартты. Біздің сайтта Универсиада туралы жазғанымыз бекер емес. Бұл додаға біздің тәрбиеленушіміз де қатысты. Ол шорт-трекші Мадина Жанбусинова. Мадина бұл додада ел намысын қорғап 3000 м. қашықтықтағы әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста қола медальді жеңіп алды.Азулы қарсыластармен сайысқа түскен біздің қыздар Қытай мен Корей спортшыларына ған жол беріп мәре сызығын үшінші болып кесті. Жапония кыздарымен тетелес келе жатып, мәреге санаулы айналым қалғанда өздеріне өз елімізде артылған жүкті түсіне білген спортшыларымыз күн шығыс елінің қыздарын басып озды. Бұл жарыс Мадинаның спорттық тәжірибесіндегі алғашқы үлкен халықаралық жарыс. Бұдан кейінгі Жапония мемлекетінде өтетін Азиада ойындарынан да спортшымыздан жүлде күтеміз. Әрине Мадинаны шын жүректен құттықтаймыз , бұл ол үшінде біз үшінде үлкен қуаныш.Мадинаның ата-анасы мен жаттықтырушыларына да үлкен алғыс айтамыз. Себебі бұл кісілердің көмегінсіз бұндай нәтижеге жетуі екі талай.