«Алау» мұзайдынында коньки тебу спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті

«Алау» мұзайдынында коньки тебу спорты бойынша жеке қашықтықта Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс төрт күн өткізілді.

«Алау» мұзайдынында коньки тебу спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті 

«Алау» мұзайдынында коньки тебу спорты бойынша жеке қашықтықта Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс төрт күн өткізілді.

Еліміздің сегіз өңірінен 150 спортшы жақсы дайындықта болу үшін Астанада өткізілген

3 апталық жиында жаттықты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша халықаралық жарыстарда және жеткіншектер турнирлерінде Қазақстан атынан шығу үшін құрама командалары іріктеледі.

 Бүгін, ашылу салтанатынан кейін, жүгіру басталды. Ертең мұзайдынына мықтылар шығады, соның ішінде ұлттық құраманың топбасшылары: 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин және Әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері Екатерина Айдова.

Осы чемпионаттың ерекшелігі ресми бағдарламаға жаңа дисциплинаны енгізу болып табылады. Қазақстандық коньки тебу спортының тарихында алғашқы рет командалық спринт өткізіледі. Бұл қызықты, әрі көріністі бағдарлама түрін көрермендер қауымын көп қарату үшін Коньки тебу спортының халықаралық федерациясымен ойластырып жасалған.

Сонымен қатар, Ресей маманы  Сергей Клевченяның бастауымен

жақында ҚР жастар құрамасымен құралған  алғашқы рет чемпионатта шығуы көпшілік алдында зор құрметке ие болып табылады.

 «Алау» тұрындарды жарыстың соңғы күнінде сенбі, 24 қазан, сағат 11.00 спортшыларға қолдау көрсетуге шақырады. Жарыс аяқталған соң сарайдың мұзайдынында жаппай конькимен сырғанау басталады.