АЛАУДА тағыда жарыс!!!

Астана қаласының «Алау» мұзайдыны сарайында конькишілер тағы да сайысқа түсті. Бұл жолы, яғни ағымдағы жылдың наурыз айының 2-3 жұлдыздары Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ-нің Ашық біріншілігі өтті. 

Жалпы жарысты ұйымдастыру, өткізу және төрешілік етуді Қазақстанның «Коньки тебушілердің ұлттық федерациясы» РҚБ қолдауымен № 2 БЖСМ коньки тебу спортынан жаттықтырушы-оқытушылары және «Алау» мұз айдыны сарайының қызметкерлері жүзеге асырды. Жарысқа № 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі спортшылары мен мамандандырылған жоғарғы спорттық шеберлік мектебіның спортшылары қатысты. Біріншілікке жалпы 73 спортшы қатысты, оның 53 ұлдар ал 20 қыздар. Жарыс 16 – 17 наурызда астанада өтетін 4 жас ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатына ірітеу болып табылады. Демек бұл жарыста үздік нәтиже көрсеткен шеберлер ғана Қазақстан Чемпионатына қатыса алады. Қорытынды бойынша Жұмабай Аружан, Тулеген Жангир, Брынза Екатерина, Сағатов Бағдаулет, Галиев Артур, Ақжол Нұралы, Гаврилова Дарья ең үздік спортшылар атанды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жас ерекшеліктеріне қарай кубоктармен, дипломдар және медальдармен марапатталды.