Басшы

  1. Туған жылы мен туған жері   01.08.1961 ж., Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Елизаветинка ауылы
  2.  Ұлты   қазақ
  3. Білімі жоғары, история пәнінен мұғалімі, Целиноградтық мемлекеттік педагогигалық институты, Ақмола институты (1995 ж.), дене шынықтыру және спорт, Көкшетау Университеті (2015 ж.).
  4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы   жоқ
  5. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және наградталған уақыты

Қазақстан Республикасы және астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10-жыл Астана» медаль.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлес үшін» атағымен марапатталған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медаль.(2012ж.)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медаль.     (2017 ж.

  1. Жалпы жұмыс өтілі   25 жылдан астам
  2. Саладағы жұмыс өтілі   25 жылдан астам
  3. Мінездеме:

Алдонгаров Аллаберген Умирзакович 1961 жылдың 01 тамызында Ақмола облысының, Шортанды ауданының, Елизаветинка ауылында туылған.

Еңбек қызметін әр түрлі қызметтерде жұмыс істеумен бастады.

1990ж. -1997 ж. – Дене шынықтыру пәнінен мұғалімі.

1997 ж. – 1998 ж. – Орта мектебінің директоры.

1999 ж. – 2000 ж. – « БЖОРСМ» директоры.

2000 – 2001 ж. – Астана қаласының дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасының орынбасары.

2001 ж. – 2002 ж. – Су спорт түрлерінен «БЖСМ» — директоры.

2002 ж. – «БЖОРСМ» директоры.

2003 ж. – Кешенді «БЖСМ» директордың орынбасары.

2003 ж. – 2004 ж. – «Арман» сауықтыру лагерьдің директоры.

2004 ж. – 2006 ж. – Астана қаласының кешенді «БЖСМ» – әдіскер лауазымы.

2006 ж. – 2015 ж. – Астана қаласы әкімдігінің«Қайсар» спорт клубы» МКҚК директоры.

2015 ж. – 2016 ж. – Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК басшысы.

2016 ж. – 2017 ж. — Астана қаласы әкімдігінің «Қайсар» спорт клубы» МКҚК директоры.

2017 ж. – 2020ж. — Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорттық клубы» МКҚК директордың орынбасары.

Оның басшылығымен 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 30 – дан астам Қазақстан Республикасының спорт шебері және 40 — тан астам спорт шеберінің үміткері мүгедектер арасында спортшылар спорттық атағын орындады.

Мүгедек спорт түрлерінен спортшылардың спорттық нәтижелері:

Қазақстан Республикасының чемпионатында және Қазақстан Республикасының кубогында бірнеше дүркін женімпаздары мен жүлдегерлері;

Халықаралық турнирлерінің бірнеше дүркін алтын, күміс, қола жүлдегерлері;

2012 ж. — Лондон қ. (Ұлыбритания) паралимпиада ойындары Ахметов Ануар қатысушы;

2014 ж. Инчхон қаласында (Корея) Азия параойындарында жүзуден және арбамен билеуден — 5 алтын,5 күміс, 3 қола;

 2015 ж. — Глазго қ. (Шотландия) әлем чемпионаты жүзуден спортшы Ахметов Ануар қола жүлдегері;

2015 ж. – Сеул қ.         (Корея) – соқырлар арасындағы дүниежүзілік ойындары Ахметов Ануар жүзуден спортшы – ІІ орын;

2016 ж. Рио-Де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен паралимпиада ойындары Ахметов Ануар — 4 орын;

2017 ж. – Самсун қаласы (Түркия) 18-30 шілде аралығында Сурдолимпиада ойындарында – жүзуден Ермекпаев Марат, Жасанов Нурлан және Мурзагалиев Ернар қатысушылары.

2020 жылғы қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ басшысы

Ұжымында беделге және құрметке ие.