«Алтын мұз»

Қарағанды қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан тағы бір жарыс жалауын көтерді. Бұл жолы сәуір айының 25-29 аралығында өткен жарыс несімен есте қалды?! Шахташылар қаласында өткен «Алтын мұз» ашық турнирінде Астана қаласының жас спортшылары жақсы өнер көрсете білді.

Бірдей 15 спортшымыз жүлделі орындардан көрінді: алтын-6, күміс-5, қола-4. Жүлдегер спортшыларды атап өтсек: Садвакасова Сабина-3, Жульдиков Георгий-2, Левковец Анна-1, Капарулина Кристина-2, Садыков Абай-1, Жаруллаева Ясмина-3, Амелина Амелия-1, Семкова Милена-2, Мусина Лия-3, Франковская Анастасия-2, Мадиева Дильназ-3, Матвеева Ярослава-1, Фазыл Фариза-1, Накипова Зара-2, Кенжебекқызы Найрият-1.

Жалпы конькимен мәнерлеп сырғанау спортының деңгейі Астана қаласында қарқынды түрде дамып келеді.

Ол үшін елордамызда барлық мүмкіншіліктер жасалған. Болашақта қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен сияқты мықты спортшыларымыздың қарасы көп болатынына кәміл сенеміз!