Армысыз дар құрметті оқырмандар!

2016 жылдың 19-22 сәуір аралығында Астана қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан Командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа еліміздің әр аймағынан 8 команда қатысып, жүлделі орындарға таласты. Елорданың намысын қорғаған біздің спортшылар абыройлы өнер көрсетті. Бірдей 9 спортшымыз жүлделі орындардан көрініп жалпы командалық есепте 2 орынға тұрақтады.

Ол спортшыларымызды атап өтетін болсақ: Садыков Абай – 3 орын, Жаруллаева Ясмин – 2 орын, Журкабаев Богдан – 3 орын, Левковец Анна – 1 орын, Капарулина Кристина – 2 орын, Набоженко Ева – 3 орын, Жульдиков Георгий – 2 орын, Текик Ясмин – 1 орын, Никифорова Татьяна – 2 орын.

Осыдан 5-6 жыл бұрын біздің сырғанаушылар үшін Республикалық жарыстарда жүлделі орынға ілігу арман болса, қазіргі таңда еліміздің мәнерлеп сырғанаудан үздік командамыз Қарағанды облысының өкшесін басып тұр. Барлық спортшылармызды және жаттықтырушылар ұжымын құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!