Астана қаласында коньки тебу спортынан Спартакиадады өтті.

2017 жылғы ақпан айының 22-23 аралығында Астана қаласында коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасы мектеп оқушылары арасындағы VІІІ Спартакиадады өтті. 

Оқушылардың жарысына еліміздің 7 өңірінен спортшылар қатысты. Жекелей сайыста және командалық есепте де біздің спортшылар өте жақсы нәтижелер көрсетті. Жеңімпаздар тұғырынан ересек жастағы қыздардын тобын есептемегенде әр жас ерекшелік тобында әр қашықтықта біз тәрбиеленушілер көріне білді. Осыдан бірнеше жыл бұрын коньки тебу спортының Астанадағы деңгейі өте төменде болғанын ескерсек, қазіргі таңда республика бойынша үздік командалардын қатарында. Мектеп оқушылары Спартакиадасында кей спортшыларымыз тұғырға біпнеше мәрте көтерілді. Нақтырақ айтатын болсақ: Сағатов Бағдаулет – 1500 м (3 орын), 1000 м (2 орын), 3000 м (1 орын), Алексеев Дмитрий – 1500 м (2 орын), 3000м (2 орын), Мукаев Мақсат – 1000 м (3 орын), Брынза Екатерина – 1500 м (3 орын), 1000 м (3 орын), Ташмаганбетов Ибрагим – 500 м (1 орын). Жалпы командалық есепте ұпай саны бойынша командалар келесі орындарға жайғасты:

1. Қостанай облысы – 743 ұпай

2. Астана – 707 ұпай

3. Алматы – 558 ұпай

4. Шығыс-Қазақстан облысы – 547

5. Солтүстік-қазақстан облысы – 527 ұпай

6. Алматы облысы – 98 ұпай

7. Павлодар облысы – 34 ұпай

Біз, тәрбиеленушілерімізді және жаттықтырушы – оқытушыларымызды шын жүректен құттқтай отырып, бұдан да жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!!!