Астана қаласының шаңғы жарысынан Астана қаласының чемпионаты (І тур) өтті

2018 жылғы 4-5 ақпан аралығында Астана қаласының Астаналық саябағының аймағында орналасқан шаңы-роллерлі тас жолында шаңғы жарысынан Астана қаласының чемпионаты (І тур) өтті.

Жарысқа 70-тен астам спортшы қатысса оның 93 пайызы № 2 спорт мектебінің тәрбиеленушілері құрады. Бұл күндері ауа-райы өте қолайлы болып, жарыстың өтуіне еш кедергі болмады.

Бірінші күні қатысушылар еркін әдіспен бұқаралық сөреге шықса, жарыстың екінші күні классикалық әдіспен жарысқа шықты. Жынысы мен жас ерекшеліктеріне байланысты қатысушыларды 11 топқа бөлді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар сәйкесінше дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бұл іріктеу жарысының үздіктері 20-27 ақпан аралығындағы Павлодар қаласында өтетін жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысады.

Жарыс хаттамалары мен суреттерді келесі сілтемеден көре аласыздар.