ASTANA OPEN қалалық ашық чемпионатын

Елордада қысқы спорттың ең әдемі әрі ең қиын түрі – мәнерлеп сырғанаудан ASTANA OPEN қалалық
ашық чемпионаты өтеді.

14-16 қараша аралығында еліміздің үздік мәнерлеп сырғанаушылары Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылатын «Алау» мұзайдыны сарайында бас қосады.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жастар чемпионатына 24 ең мықты спортшыдан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Ел үздіктері қатысатын ASTANA OPEN қалалық ашық чемпионатын жіберіп алмаңыздар!