Аты әлемге танылған коньки шеберлері Астанаға жиналды

Бүгін елордадағы «Алау» мұз айдыны аты әлемге танылған коньки шеберлерін Астанаға жинады. Masters International деп айдар тағынған халықаралық турнир осымен екініші рет өткізілуде.

Сайыс өз карьераларын тәмамдаған кәсіби спортшылар мен кәнігі бапкерлердің арасында өрбіді. Коньки шеберлерінің жарысына Қазақстан атынан жерлесіміз спринтерлі көпсайыстан әлемнің абсолютті чемпионы Анжелика Гаврилова мен спринтерлі көпсайыстан әлем чемпионы Владимир Костин сынға түсуде. Кілең мықтылар бәсекесінде Инсбургте өткен ақ олимпиаданың қол жүлдегері Татьяна Сидорова, ардагерлер арасындағы жеңімпаз Татьяна Михалёваларда бар. Бұдан бөлек, «Алау» кешенінде коньки тебу спортынан Қазақстан жастар чемпионаты мен Қазақстан кубогы сарапқа салынатын болады.

http://www.khabar.kz/kaz/sport/Ati_alemge_tanilgan_konjki_sheberleri_Astanaga_zhinaldi.html