Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау

Мектеп спорты бұл:

Бастауыш, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорт шараларына қатусы үшін дайындықтарға бағытталған спорт бөлігі.

Спорт мектептерінің жұмысының негiзгi нысандары:

1. оқу-жаттығу жиындары (жеке және топтық);

2. оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;

3. спорттық жарыстарға қатысу;

4. спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;

5. медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;

6. теориялық сабақтар;

7. оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы;

8. спорт жарыстарын қарау және талдау.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.