Мектепке қабылдау жүргізіледі

Біздің Мекемеге балаларды қабылдау үшін іріктеуге қатысуға шақырамыз!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ көрсетілген кестелерге сәйкес Мекеменің спорт түрлері бойынша балаларды қабылдау үшін іріктеуге қатысуға шақырамыз.

«№2 БЖМСМ» КММ негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасына спорттық резервтерді дайындауды қамтамасыз ету және оларды қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелерді көрсету сондай-ақ дарынды балаларды анықтауға бағыталған дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу арқылы, болашақта ата-аналары, туыстары, достары және елі мақтанатын жеңімпаздарды айқындаймыз және тәрбиелейміз.

Балаларды мектепке қабылдау бойынша әкімшілікке немесе тікелей спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларға хабарласуға болады.

Соңғысы. Ұсыныс ретінде баланы спорт түрімен шұғылдануға мәжбүрлеуге болмайды. Осындай жағдайлардың салдарынан бала психологиялық және негативті күйге батады.

МАҢЫЗДЫ. Іріктеуге қатысуы және оқу-жаттығу поцесін қамтамасыз етуі АҚЫСЫЗ түрде жүзеге асырылады!!!

Спорт түрі Балалардың жасы Іріктеуді өткізу уақыты және мерзімі

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ жасы 9-11 2019 жылғы 14 және 21 қыркүйек сағат 9:00 шаңғы роллерлі тас жолы («Астана парк отель» ғимаратының арғы беті)

КОНЬКИМЕН МӘНЕРЛЕП

СЫРҒАНАУ

жасы 4-5 2019 жылғы 14 және 21 қыркүйек сағат 10:00 «Алау» МА Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр, 47 ЛД «Алау» (орталық кіру)

КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ

жасы 9-11 2019 жылғы 8 және 15 қыркүйек сағат 10:00, Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр, 47 «Алау» МС (орталық кіру)

СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ жасы 7-9 2019 жылғы 6 және 8 қыркүйек сағат 9:00 шаңғы роллерлі тас жолы («Астана парк отель» ғимаратының арғы беті)

Іріктеу өткізу нысаны – Ашық жаттығу/нормативтерді қабылдау. Конькимен мәнерлеп сырғанаудан – хореография бойынша топтық іріктеу.

Мықты денсаулық тілейміз,
Әкімшілік

Астана күніне арналған велосипед «покатушкалар»

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

«Астана күні» мерекесі аясында, сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардың балаларын, бір ата-анасы бағып отырған балаларды қолдау мақсатында, «ASTANA SKI CLUB» және «№ 2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ-мен бірлесіп «Велосипед покатушкалар» атты акцияны өткізіп жатыр.

Акция 2019 жылғы 5 шілде күні сағат 11.00-16.00-ге дейін саябақ аумағында орналасқан шаңғы роллерлі тас жолында өтеді. Осы күндері көрсетілген санаттағы балалар тас жолының аумағында велосипедтерді ақысыз түрде жалдай алады.

Көрсетілген уақытта, керемет көңіл күйде болу және санатты растайтын құжатты ұсыну керек.

КҮТЕМІЗ!!!

Ашық біріншілігі өтеді

2019 жылы 7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласындағы саябақ аймағында орналасқан шаңғы-роллерлік тас жолында «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ ашық біріншілігі өтеді.

 «Астана күні» мерекесіне орай өткізілетін аталмыш жарыстар барлық бос уақытты жақсы көретіндерді жинайды.

Байқау регламенті келесі жас топтарына арналған жарыстарды қамтиды:

– ұлдар / қыздар (2008-2009 г.р.) – 1 км./1 км.;;

– кіші ұлдар / қыздар (2006-2007 г.р.) – 2,5 км./2,5 км;

– орташа бала / қыз (2002-2003 г.р.) – 5 км./5 км;

– жоғары сыныпта ұлдар / қыздар (2000-2001 г.р.) – 10 км./5 км.;;

– ерлер / әйелдер (1999 г.р. и старше) – 10км./5км. Жарыстың бірінші күні кросстан, екінші күні – шаңғы роллерлерінен өтеді.

– Жарысқа қатысушыларды тіркеу сағат 08.30 – дан 09.00 – ге дейін өтеді.

– Ашылу салтанаты 2019 жылы 07 шілдеде сағат 09.30 – да өтеді.

– Жарыс ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін басталады.

Әр жас тобындағы жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және тиісті дәрежедегі дипломдар беріледі. Әр жас тобындағы жүлдегерлер тиісті дәрежедегі медальдар мен дипломдарға ие бола алады.

Жарысқа медициналық қарсы көрсетімдері жоқ, өздерінің жеке құрал-жабдықтары бар барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі өз күшіне енеді.

Сіз сақтандыру бойынша медициналық көмекті қалай алатынын және МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек екенін білесіз бе? 

Онда fms.kz сайтына кіріңіз немесе 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, толығырақ біліңіз. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі бойынша кеңес алу үшін өзіңіз тіркелген емханаға хабарласа аласыз.

Элизабет Тұрсынбаева Астанада мәнерлеп сырғанаушылармен кездеседі

2019 жылдың 14 ақпан күні сағат 16:00-де Жастар жылы аясында «Алау» мұз айдыны сарайында, жақында ғана Төрт құрлық турнирінде күміс медаль иеленген Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаушылармен кездеседі.

Іс-шараға Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының әкімшілігі, «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Санат Бақытұлы Шапашов, Қысқы спорт түрлері бойынша «№2 МБЖСМ» КММ басшысы Радик Хамитович Бикчантаев, «Коньки тебушілердің Ұлттық федерациясы» РҚБ президенті Болат Бидахметұлы Жәмішев, «№2 МБЖСМ тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары, балалардың ата-аналары және журналистер қатысады.

Әйелдер арасындағы жеке сырғанауда өнер көрсететін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Құрлық чемпионатының вице-чемпионы (2019 ж.), жасөспірімдер арасындағы II қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016 ж.), Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014-2017 жж.), 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өз тәжірибесімен бөлісіп, спорттық Олимп шыңдарын бағындыру жолындағы қиындықтары туралы айтады және мәнерлеп сырғанаушылармен естелік суретке түседі.

Қуанта бөлісетін жайт, ол спорттық карьерасының басында Астана қаласының намысын ірі республикалық және халықаралық жарыстарда қорғады.

Коньки тебу спортынан 2018 – 2019 қысқы кезеңінің ашылу жарысы өтті

2018 жылғы қараша айының 15-16 күндері Астана қаласында орналасқан Алау мұзайдынында коньки тебу спортынан 2018 – 2019 қысқы кезеңінің ашылу жарысы өтті. Жарыс ережесі бойынша басқа өңірлердің құрамаларына да қатысу мүмкіндігі туды. Астана қаласын қосқанда еліміздің 5 өңірінен жаопы саны 80 спортшы қатысты. Біздің конькишілеріміз барлық жас ерекшелік топтарында жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлеріміздің нәтижелерін көрсетіп өтейік: Игембай Даулет – 1 орын, көпсайыс ұпайы 176.364 , Середа Татьяна – 1 орын, көпсайыс ұпайы 150.700, Саткожа Азамат – 2 орын, көпсайыс ұпайы 185,591, Алихан Мирас – 3 орын, көпсайыс ұпайы 187.104, Дауранова Алина – 1 орын, көпсайыс ұпайы 182.064, Гаврилова Дарья – 2 орын, көпсайыс ұпайы 185.591, Мустафин Нурали – 3 орын, ұпай саны 201.250, Жұмабай Аружан – 3 орын, ұпай саны 218.995. Қысқы кезеңнің ашылу жарысы дәстүрлі жарыстардың бірі. Жыл сайын коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен Кубоктарының алдында бастапқы дайындық жарысы ретінде өтеді. Орта жасқа дейінгі спортшыларымыз марапатталған, болса үлкен жастағы спортшыларымыз жеке уақыттарын жақсартып, өздері үшін рекордтық уақыттарды көрсетті. Барлық коньки тебушілерді, жаттықтырушыларды қызқы кезеңнің ашылуымен құттықтаймыз! Алдағы уақыттарда болатын жарыстарда сонымен қоса Республикалық Жастар Ойынында үздік нәтижелер көрсетеді деп сенеміз!

Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

Ағымдағы жылғы қазан айының 24-26 жұлдыздары аралығында Астана қаласында коньки тебу спортынан жеке қашықтықтар бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 

Жарысқа Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан, Қостанай қаласынан, Павлодар облысынан Солтүстік Қазақстан облысынан, Рудный қаласынан, Семей қаласынан, Өскемен қаласынан жалпы есепте 120 спортшы (40 әйел, 80 ер адам) қатысты. 2018-2019 жылғы қысқы кезеңнің кеш басталуы себебінен спортшылардың бірінші жарысы дәл осы Қазақстан чемпионатынан басталып отыр. Соған қарамастан біздің жас спортшыларымыз ерледі. Ересектермен сайысқа түскен спортшыларымыз арасынан жекелей қашықтықта, 500 метр спринтерлік сайыста 14 жасар Дауранова Алина ересек әйелдердің көбісін шаң қаптырып 3 орынды жеңіп алды. 1000 метр орта қашықтықта Артемьева Маргарита бар күшін салып 1,26,47 нәтижесімен қола жүлдегер атанды. Және де әйелдер арасындағы командалық жарыс пен командалық спринтте Брынза Екатерина, Нұрсейт Ардақ, Дауранова Алина үштігі мен Райхан Нұрай, Дауранова Алина, Артемьева Маргарита үштігі тағы 3 орынды иеленді.

Ересектер жарысында бұндай нәтиже үшін әрине біз қуанамыз, бірақ әйелдер арасында республикалық деңгейде бәсекелестіктің бұндай деңгейде өрбуі қынжылтады әрине. Ал біз коньки тебу спорты бөлімінің жаттықтырушы-оқытушылар ұжымын және спортшыларды шын жүректен құттықтап толағай табыстар тілейміз!!!

Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

2018 жылғы қазан айының 22-25 күндері аралығында шырайлы Шымкент қадласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, Балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебі, Олимпиадалық резервтерді дайындау орталығы және спорт клубтары арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 8 өңірінен 92 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 518 ұпай жинаған Шымкент қаласының құрамасы 1 орынды, 332 ұпай жинаған Алматылықтар 2 орынды иеленсе, 202 ұпай жинаған Сәтпаев қаласының саңлақтары үштікті қорытындылады. 156 ұпай жинаған Астана 7 орынға табан тіреді. Астана қаласынан біздің 8 спортшымыз қатысып, ІІ спорттық дәрежеде өнер көрсеткен Садыков Абай 3 орынды еншіледі. Басқа спортшыларымыз өкінішке орай жүлдегерлер тұғырына көтеріле алмады.

Спортшыларымыздың бұл жарыста орташа өнер көрсетуінің де себебі жоқ емес. Оқу-жаттығу сабақтары өтетін мұзайдының жөндеу жұмыстарына байланысты биылғы қысқы кезеңіміз кеш басталып, тәрбиеленушілеріміздің толықтай дайындалуларына мүмкіндік болмады. 2018-2019 жылғы қысқы кезеңнің алғашқы сөресі дәл осы чемпионаттан басталды. Соған қарамастан спортшыларымыз барларын салып орташа деңгейде өнер көрсетті. Ендігі мақсатымыз алдағы үлкен жарыстарға машықтанып үздік нәтиже көрсету, 2019 жылы өтетін Рсепубликалық жастар ойынында жүлделі орыннан көріну. Абайды үшінші жүлделі орынымен құттықтай отыра спортшыларымыз бен жаттықтырушы-оқытушылар ұжымына толағай табыстар тілейміз!!

1 12 13 14 15 16 21