Астанада «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтеді

Биыл елордада жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі 19 ақпанда өтеді. Қатысуға барлық ниет білдірушілер,

Қысқы фестиваль аясында елордада шаңғы жарысы, гір көтеру спорты, армрестлинг, белдік күрес, білікті хоккей, арқан тарту, қар жару, автоспорт, мотоспорт, қысқы футбол сынды 10 спорт түрі бойынша жарыстар өтеді.

Жарыстарға қатысуға денсаулығына қарсы айғақтары жоқ барлық ниет білдірушілер жіберіледі. Тiркеуден өту кезiнде өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

Шаңғы жарысына тіркеу және бастапқы нөмірлер әр жас тобы бойынша жарыс кестесіне сәйкес басталғанға дейін 30 минут бұрын беріледі.

Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қысқы фестиваль 19 ақпанда сағат 11: 00-де Есіл өзенінде басталады.

Алина Дауранова Әлем кубогының финалында алтын медальға ие болды

Қазақстандық коньки тебуші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалында алтын медаль иеленді.

Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта еңсерді. Бұл нәтиже оған бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Күміс медаль нидерландылық спортшы Пьен Херсманнан, италиялық Серена Пергер жүлдегерлердің үштігін жапты.

Сонымен қатар, Алина Дауранова 1000 метр қашықтыққа жалпы есепте жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасындағы осы қашықтықта жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, жарысқа 28 елден 218 спортшы қатысуда.

Коньки тебуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы 5 ақпанда аяқталады.

Баршаңызды Жеңіспен Құттықтаймыз!!!

Астана қ. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қысқы спорт түрлері маусымы туралы баспасөз конференциясы

«Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында «Астана қ. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қысқы спорт түрлері маусымы» «№2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы Бауыржан Сахарбаев тақырыбында брифинг өткізді.

-Астана қаласының климаттық жағдайы қысқы спорт түрлерін дамыту үшін өте қолайлы.

-Мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы және спорттық бағдарлау сияқты спорт түрлері өте танымал.

-Бұл спорт түрлері Астана қаласы әкімдігінің №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дамытылуда.

-Спортшылар контингенті бүгінде 700 спортшыны құрайды.

-Жаттықтырушы-педагогтар штаты 29 адамнан тұрады.

-Оқу-жаттығу сабақтары қалалық саябақтардың аумағында, сондай-ақ, «Алау» Мұз айдынында өткізіледі.

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру алқа отырысын өткізді

25 қаңтарда сағат 11.00-де Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру саласындағы негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің өкілдері, министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларының басшылары, министрлікке қарасты спорт ұйымдарының басшылары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Коньки тебуден Қазақстан чемпионаты.

Бүгін, 28 желтоқсанда елордалық «Алау» спорт кешенінде конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды. көпсайыс бойынша
әйелдер арасында бірінші орын 🥇Aлина Дауранова
екінші орын🥈 Гаврилова Дарья
Ерлер арасында Астана педестал бірінші орынды иеленді 🥇 Морозов Дмитрий
екінші орын 🥈Гаврилов Димьян
үшінші орын 🥉Сагатов Бағдәулет

АСТАНАДА КОНЬКИМЕН МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ЧЕМПИОНАТ ӨТІП ЖАТЫР

Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайында конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жыл сайынғы чемпионатқа әр түрлі жас санатындағы командалар қатысып жатыр. Спортшылар бірінші разряд, СШК және СШ бағдарламалары бойынша бақтарын сынауда.

«Чемпионат жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында өтеді. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 75-ке жуық спортшы қатысуда. Бұл чемпионатта өз аймағының намысын қорғау үшін ең үздік 16 спортшы ғана марапатталатын болады. Елорда үшін ел чемпионатын өткізу ең әдемі және әсем спорт түрін насихаттауға күшті серпін береді. Қала тұрғындары мен қонақтарына айтарымыз «Алау» мұз сарайына келіп, болашақ біздің чемпиондарымызға жанкүйер болуға, жарысты тамашалауға келіңіздер, кіру тегін. Ал, жарыс қатысушылары осы жарыстың барлық атмосферасын өз көздерімен көріп, жеңіске деген ұмтылыстары арта түседі деген ойдамын»- дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Қалалық спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ҚРЧ 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров, мәнерлеп сырғанаудан ҚРЧ екі дүркін күміс жүлдегері (2019, 2021), халықаралық чемпионаттардың жеңімпазы, өз арсеналында ең күрделі төрт қарғып секіруден жасөспірімдер арасындағы Гран-придің қола жүлдегері Рахат Бралин да өз бақтарын сынайды. Сондай-ақ бұл сында халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Левковец Анна, Джиренбаев Диас, Фарафонова София, Исакова Карина, Мельников Олег, Смағұлов Артур және т.б. да атақты спортшылар қатысуда.

Астанада коньки тебуден «Astana Open» қалалық ашық чемпионат өтеді

Елордадағы «Алау» мұзайдыны сарайында 4-6 желтоқсан күндері дүниежүзілік коньки тебу күніне орай «ASTANA OPEN» коньки тебуден қаланың ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс 5 жас санаты бойынша өтеді: кіші және одан кіші жастағы қыздар мен ұлдар арасында; орта және одан жоғары жастағы қыздар мен ұлдар; сондай-ақ жасөспірім ұлдар мен қыздар.

Бүгінгі күнге дейін чемпионатқа қатысуға түрлі өңірлерден 130-ға жуық өтінім келіп түскен. Жарыс алғаш рет өткізілуде, алдағы уақытта іс-шараны дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

«Жарысқа Астана қаласы әкімдігінің №2 БЖСМ спортшыларынан бөлек, Қостанай, Петропавл, Хромтау және Алматы қалаларының конькишілері қатысады. «ASTANA OPEN» қала чемпионатына барлығы 130 адам қатысуға ниет білдірген. Бұл чемпионатты алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізетін боламыз», – дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Бағдарлама бойынша жарыстың бірінші күні командалық түрде өтеді. Яғни, 4 айналым қашықтығына аралас командалық спринт. Команда құрамында 2 қыз және 2 жігіт.

Ал 5-6 желтоқсанда жарыс көпсайыс бағдарламасы бойынша өтеді:

  • кіші жасқа дейінгі қыздар мен ұлдардың арақашықтығы 100м, 300м және 500м;
  • кіші жастағы қыздар мен ұлдардың арақашықтығы 300м, 700м, 500м және 1000м;
  • орта жастағы қыздардың арақашықтығы 500м, 1000м, және 1500м;
  • орта жастағы ұлдар және одан жоғары жастағы қыздар мен ұлдар, жасөспірім ұлдар мен қыздардың арақашықтығы 500м, 1000м, 1500м және 3000м.

Чемпионатта алдағы қысқы маусымға ең мықты спортшылардан құралған Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Астана қаласының әкімдігі барлық конькимен сырғанау әуесқойларын салауатты өмір салтын сақтап, «ASTANA OPEN» коньки тебуден қаланың ашық чемпионатының мерекелік атмосферасын сезінуге шақырады. Іс-шараға кіру тегін.

Елордада шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты басталды

Бүгін елордада Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Алау» мұзайдыны сарайында шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты басталды.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов, № 2 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің басшысы Бауыржан Сахарбаев, шорт-тректен бас жаттықтырушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткер Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ел құрамасының бас жаттықтырушысы Нұрберген Жұмағазиев қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа еліміздің Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласынан 163 қатысушы тіркелген. Олар екі күн бойы бақ сынайтын болады.

  • «Балалар жылы аясында өткізіліп отырған бүгінгі чемпионатқа 2009 жылы туған және одан үлкен жастағы жеткіншектер қатысып жатыр. Жарыстың мақсаты – қысқы спорт түрлерін, оның ішінде шорт-тректі дамыту, спортты насихаттау. Еліміздің бес өңірінен келген балалар екі күн бойы нағыз үздіктерді анықтайды», – деді Бауыржан Сахарбаев.

Сонымен қатар жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогы мен Әлем біріншіліктерінің жүлдегері, жақында ғана шорт-тректен өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған Абзал Әжіғалиев құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталып, алдағы күні дипломдармен, медальдармен марапатталады. Айта кетейік, жарыс елордадағы «Алау» мұз сарайында 30 қарашаға дейін жалғасады.