Денис Кузин: барлығы үшін чемпиондық жүгіріс

Қазақстан құрамасы Канаданың Калгари қаласында өткен коньки тебуден әлем Кубогының бірінші кезеңіне қатысты.

Өткен демалыста 500 метрге жгіруден Сан-Хва Ла жаңа рекорд орнатты. Сонымен қатар, өкінішті жағдайлар да орны алды. 1500 метрге жүгіруденәлем чемпионы Дмитрий Юсков мәреге енді жақындай бергенде бельгиялық спортшы Барт Свингс оны қуып жетіп алып, жеңісті қолынан суырып алды.

Қазақстан құрамасы аталмыш сында ойдағыдай өнер көрсетті. Әсіресе, әлем чемпионы Денис Кузинтапсырманы жақсы бағаға орындады. Дегенмен оның атағы әр сайыста Сочиде қол жеткізген жетістігі кездейсоқтық емес екендігін дәлелдеу керек.  «Бірінші әлем Кубогы аяқталды, үш жеке және 2 Қазақстан рекорды. Жаман емес. 500м-35.22; 1000м-1.07.71; 1500м-1.44.44», – деп жазды Денис өзінің Твиттер парақшасына.

Екінші сайыс күнінің нәтижесі бойынша Кузин 1000 метрге жүгіруде А тобында көшбасшы астанды. Қостанайлық бұл күні тек ұлттық рекордтыжаңартты – 1.07,71.

Былтырғы жылы Кузин Қазақстан рекордын  Солт-Лейк Сити қаласында орнатқан болатын. Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін Денис әлемдік коньки тебу спортының көшбасшыларына өз шеберлігін дәлелдеу керек болатын.

Кузин Тай-Бум Моны Азиадада алдын орап кеткен болатын,  ал Стефан Грутхусты Сочиде жеңіп кетті. Денис тек Шани Дэвисті жеңе алмай келе жатқан еді. Ақырында дәл осы американдық Кузинның жолын кесіп,  бірінші орынды иеленді.

Бесінші жұпта ресейлік Алексей Есинмен Кузин маусымдағы үздік жүгіріс өнерін көрсетті. Бірінші айналымда Кузин 24.7 уақыт көрсеткішімен ешкімге дес бермеді. Егер екінші айналымды да дәл осындай қарқынмен жүгіретін болса оның жүлделі орнын ешкім тартып ала алмайды. Ол еш қиындықсық Олимпиада жолдамасын иелене алады.

 Сонымен қатар, Кузин 1500 метрге жүгіру сынында да жақсы қырынан танылды.  ЖәнеДмитрий Бабенкода бес жыл бойы мұрты бұзылмай келе жатқан өз рекордын жаңартты – 1.44,96. Денис соңғы жұпта өнер көрсетіп,1.44,44 уақыт нәтижесін тіркеп, Б тобында үшінші орынды иеленді.  Келесі сайыста Кузин беделді дивизионда алғашқы ондыққа ену үшін таласқа түседі.

Екатерина  Айдова бірінші сайыс күні  500 метрге жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты – (38,01). Ал, екінші сайыс күні дәл осы сында жүгірген Катя 38,16 уақыт көрсеткішімен Олимпиада жолдамасын иеленуге жетерлік беделді дивизионда 15-орныды иеленді. Ал, 1500 метрге жүгіру сынында даАйдова жеке рекорд орнатты – 1.58,14. Ал, шешуші сайыс күні 1000 метрлік сында көрсеткіш айтарлықтай көрсете алмаса да, келер сайыста бар күш-жігерін салады деген үміттеміз.  

Олимпиадаға жолдама иеленген спортшылардың тізімі желтоқсан айының соңында жария етіледі. Әзірше коньки тебушілердің ешқайсысында тек ХОК әр елге ұсынатын бір жолдамадан басқа Сочи Олимпиадасының жолдамасы жоқ.  

Ұлттық құрама діттеген мақсатына қол жеткізіп келеді. Федор Мезенцев 500 метрлік сында  – 35,40 және 1500метрлік сайыста- 1.47,05 уақыт нәтижесімен жеке рекордын орнатты. Ал, Елена Урванцева3000 метрлік сында  4.13,14 уақыт нәтижесін көрсетіп, Астанада өтетін Әлем Кубогында  5 000 метрлік сынға қатысу нормативін орындай алды.

Қазіргі кезде құрама Әлем Кубогының екінші кезеңіне қатысу үшін  Америкаға аттанып кетті. Ал, 20 қараша күні Астанада  өтетін Кубокта өнер көрсету үшін елге оралады. 

http://sk-sport.kz/kz/articles/1505