Екатерина Айдова-төртінші

Қарағандылық Екатерина Айдова коньки тебу спортынан әлем чемпионатында көпсайыс ұпайы бойынша төртінші орынды иеленді.

Екатерина Айдова-төртінші

Қарағандылық Екатерина Айдова коньки тебу спортынан әлем чемпионатында көпсайыс ұпайы бойынша төртінші орынды иеленді.

Бүгінгі 1000 метрлік қорытынды қашықтықта Екатерина тағы да төртінші нәтиже көрсетіп (1:16.01), қорытынды классификацияда 4 орынға тұрақтады.

Айдова тек екі американдық Британи Боу (1 орын), Хизер Ричардсон (2 орын) және Чехиялық Королина Эрбановаға жол берді (3 орын).

Естеріңізге сала кетейік, Айдованың төртінші орыны- қазақстандық әйел конькишілердің коньки тебу спортынан спринттік көпсайыс бойынша әлем чемпионаттарында тарихта ең үздік нәтиже!

Әлем Чемпионатында Айдова келесі нәтижелерді көрсетті:

Бірінші күн

500 м – 38,63 (13 орын)

1000 м – 1:16,40 (4 орын)

Екінші күн

500 м – 38,19(4 орын)

1000 м – 1:16,01(4 орын)

Көпсайыс ұпайы – 153,025