Коньки тебуден Қазақстан құрамасы Исапнияда бірінші жазғы жаттығу жиындарын аяқтады. Бүгінде олар Алматыда жыл сайынғы медициналық тексерістен өтіп жатыр және Инцеле неміс қаласында болатын кезекті жаттығу жиындарына әзірлену үстінде.
— Алматыдағы спорттық медицина және оңалту орталығында физикалық дене күшін алуға рұқсат алынды, — деп жазады Денис Кузин өзінің twitter парақшасында.
Сочиде өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен соң, көпшілігі осыдан бір жыл бұрын Кузин қатты жарақат алып, үлкен спортқа оралу-оралмауы белгісіз болғанын есіне ала бермейді де. Роман Креч те өткен жылы тізесіне ота жасатқан болатын, тексерістен кейін жақсы нәтиже, сонымен қоса жаттығуларға рұқсат алу өте маңызды. Олимпиадалық маусымды ешкімнің болса да өткізіп алғысы келмейді.
Алайда келесі кезеңнен бастап спортшылар тек денсаулық жағдайына байланысты ғана құрамаға алынбайды. Күзде Қазақстан чемпионатында құраманың жаңа құрамы бекітіледі. Аталмыш команда олимпиадалық жолдама иелену үшін Әлем Кубогы жарысына қатысады. Кубок жарысына қатысуға жолдамалар саны аз болғандықтан, көптеген спортшылар Ойындарда орын алу теориялық мүмкіндіктерін қазірден бастап жоғалтып алды.
Бірінші жиын барысында бапкерлердің кімдерге үміт артып отырғаны белгілі болады. Кузин, Креч, Бабенко және Айдова – теңдессіз спортшылар. «Ардагерлерден» құрамада Федор Мезенцев, Виктор Глущенко, Александр Жигин және Никита Ставцев қалды. Командадан Максим Баклашкин, Александр Глущенко және Виталий Мальгинов кетіп жатыр. Соңғысы құрамада команда директоры қызметін атқаратын болады.
Құрамадағы бос орындарды Станислав Палкин, Мария Сизова, Алена Стапстова, Иван Аржинников, Дарсиль Эссамамбо, Александр Кленко есімді жас спортшылар иемеденді.
ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі жаттығу жиынында ұлттық құрама қатарында командалық жарыста жолдама иелену үшін Татьяна Сокирко мен Елена Урванцеваның болуын қалайды. Әбден орындалатын тапсырма – 8 жолдамаға 12 команда таласады.