Елорданың сол жақ жағалауындағы Ботаникалық бақта, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ ұйымдастыруымен коньки тебу, шорт — трек, спорттық бағдарлау, шаңғы тебу спорт түрлерінен балалар жылына және 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Көңілді старт» жарысы өтті.

Жарыста балалар доп лақтыру, кедергілерден өту, ұзындыққа жарысу сынды сайыс түрлерінен өзара бақ ­сынасты. Балаларының жеңіске деген ұмтылысына тәнті болған ата-аналар мұндай сындар көмекті қажет ететін кішкентайларға жігер беріп, өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыратынын атап өтті.

Эстафета соңында оқ бойы озық шыққан топтар марапатталып, қатысқан барлық балаларға арнайы дайындалған сыйлықтармен алғыс хаттар табысталды.
Шарада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 балалар мен жасөспірімдердің
мамандандырылған
спорт мектебі» КММ басшысы Бауыржан Сахарбаев жігерлі өрендерге сәттілік тіледі.