Күзгі сенбілік – таза қалада өмір сүру ғана емес, сонымен бірге күз мезгілінде мұңын сейілту және жақсы күні ашық ауада серуендеу.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі №205-36 өкіміне сәйкес, 2019 жылғы 21 қыркүйек пен 05 қазан аралығы экологиялық айлық өтеді.

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі» КММ «Алау» Мұз сарайының аумағында Бүкіләлемдік тазалық күніне арналған абаттандыру, көгалдандыру және аббатандыру бойынша бірінші сенбілік өтті.

Сенбілікке 30 адам қатысты. Ұжыммен бірге жерге түскен жапырақтарды, қоқыс, бұтақтарды,солып қалған гүлдерден гүлбақтарды тазаладық.

Келесі сенбілік 28 қыркүйекте өтеді.