«Алау» Мұз сарайында коньки тебу спортынан Қазақстан Чемпионаты өтті. Көрермендер жарысты әлем чемпиондарымен бір мұзда жүріп бақылай алды.

Коньки тебу спортынан әйелдер арасында Екатерина Айдова чемпион атанып, өз атағын кезекті рет дәлелдеді.

Екатерина Айдова, Қазақстан Республикасының Чемпионы:

«Өзімнің қатысыуым туралы айтатын болсам, жалпы көңілім толды. Жаман жаттығу және жақсы жарыс демекші. Бізде барлығы жұмыс тәртібінде болды. Өйткені біздің негізгі сөре – ол бізде, Астана қаласында өтетін спринт бойынша әлем чемпионаты. Бүгінгі жарыстар сол спринт алдындағы дайындықтардың бір кезеңі».

Чемпион қыздың айтуынша, әлем чемпионатына дайындық жұмыс тәртібінде өтті – ол жүгіріс, секіру және арнайы жаттығулар.

Ерлер арасында Қазақстан Чемпионы болып Роман Креч атанды. Таяуда ғана жарақатынан оналып, Қазақстан чемпионы өзінің атағын қорғап қалды.

Роман Креч, Қазақстан Республикасының Чемпионы:

«Әрине,мен бұл екі ауыр күннің өткеніне қуаныштымын. Себебі ұзақ үзілістен кейін кезеңдегі бұл бірінші сөрем болды. Өте қиын болды, біріншіден өзімді қолға алу, эмоцияға берілмеу. Жүйке жұқарардай жағдай болды. Жарыстың мен үшін өте табысты өткеніне қуаныштымын».

Коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Вадим Саютиннің айтуынша, команданың алдындағы жоспарларында – әлем кубогіне қатысу. Әлем Кубогінің бірінші кезеңі келесі аптада Норвегияда өтеді, бұл жарыста көпсайыс бойынша чемпионаттың қатысушылары анықталады. Әлем Кубогі кезеңінің орта қашықтығында (1500 м) Екатерина Айдова, Денис Кузин, Максим Баклашкин және Александр Жигин өнер көрсетеді. Әлем Кубогінің тағы бір кезеңі Голландияда өтеді, ол жарысқа чемпионаттын барлық жүлдегерлері барады. Содан кейін әлем чемпионатының қатысушылары белгілі болады. Бүгінгі таңда коньки тебу спортынан Қазақстан құрамасында 2 ер және 1 әйел лицензиясы бар. Осы жылы әлем чемпионаты Астана қаласында, «Алау» Мұз сарайында өтеді.

Вадим Саютин, коньки тебу спортынан ҚР-ның бас жаттықтырушысы:

«Бүгін спринтерлік көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қазіргі чемпиондар өз атақтарын сақтап қалды. Олар осы жарысқа дейін де

чемпион болып жүрген Екатерина Айдова мен Роман Креч». Видеобейнеге сілтеме: astana.gov.kz