Коньки тебу спортынан ҚР Кубогының 1 кезеңі өтті

Ағымдағы жылғы 14-15 қазан аралығында коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының Кубогының 1 кезеңі өтті.

Оған елімізден Алматы, Қарағанды, Қостанай, Петропавловск, Павлодар ШҚО, Нұр-Сұлтан  және Челябинск (Ресей) қалаларының командалары бақ сынады. Осы жарыста Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалармен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ Дауранова Алина 500 м қашықтықта -3 орын, 1500 м қашықтықта Гаврилова Дарья-3 орын, 3000 м қашықтықта- Сағатов Бағдаулет-3 орынға ие болды.