Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті

«Алау» мұзайдын сарайында үстіміздегі жылдың 21-22 қараша аралығында Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. 

Оған елімізден тоғыз өңірінен 200 жуық спортшылар қатысып бақтарын сынады.

1500, 5000 метрге жүгіруде жиналған ұпай саны бойынша Сағатов Бақдаулет бірінші орын, Нурсейт Ардақ екінші орынды иеленді.

Конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік бапкер Кенжеш Сәрсекенованың айтуынша, Кубогтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алдағы маусымдағы құрамы анықталады.

– Біздің спортшылар үшін бұл маусым жақсы өтті. Жасөспірімдер резерві артып келеді. Мысалы,. Келесі жылғы маусымда спортшыларымыздың үздік нәтижелерге қол жеткізетініне үміттенеміз, – деді мемлекеттік бапкер.